ЖАҚСЫ ЕСІМ ТАҢДАУ Адам ата мен Хауа анаға Жаппар Хақ бір бала беріпті. Екеуі кей кездері балаға таласып қалады екен. Бірі: – Менің балам, – десе, бірі: – Менікі, – депті. Екеуінің арасында алғаш талас, жанжал болыпты. Мұны көріп тұрған Алла баланы көгершінге айналдырып жібереді де: – Бала екеуіңе де ортақ. Біріңнің қуатыңмен, біріңнің шуағыңмен дүниеге келді. Бұдан былай таласпаңдар, тату болыңдар! Алғашқы балаларың көгершінге айналып, көкте ұшады. Осы татулықтарыңның белгісі болады, – депті. Көгершін қазақ түсінігінде Адам атаның алғашқы баласы екен. Ер мен әйелдің кейде «бұл менің балам, жоқ, менің балам» деп таласып қалатыны осы оқиғаның жұрыны деседі. – Мені Алла жіберді. Ұлына «Қабылхарис деп ат қойсын!» деп айтты», – дейді. Харис Ібілістің бір есімі еді. Хауа ана баласының құлағына «Қабылхарис» деп азан шақырып ат қояды. Адам ата таудан келгенде Ібілістің ат қоюға араласқанын біліп, қатты алаңдапты. Кейін есейген соң Қабылдың Ібілістің арбауына тез көніп, бауыры Әбілді өлтіруіне осы есімі әсер еткен деседі. Осы оқиғадан соң әйел адамның балаға азан шақырып ат қоюына тыйым салынады. Ат қойған кезде де жақсы, рухани мәнді атты таңдап қою жоралғы болып жетіпті. – Шын асылдың көзінде жасыл от болады деуші еді. Қарағым-ай, ныпсыңды айтшы, – депті. Сонда әлгі жігіт: – Әкемнің аты – Аманбала, өзімнің есімім – Кәріпжан, – дей бергенде, Абыз би бармағын тістеп, тіксініп қалыпты. – Қап-ай! «Ат аспаннан, нұр пейіштен» деуші еді. Ой, пәле-ай, бекер болған екен. Әкең бұл атты бекер қойған ғой саған, – деп басын шайқаған Абыз би отырып былай деп бата берген екен: Кәріпжан қартайған кезінде: «Жаманға бұйырған көп жақсы аттың бірін әкем маған неғып қимады екен?» – деп налиды екен. Өйткені, қара қылды қақ жарған әділ би өз кіндігінен перзент көрмепті. Сондықтан сәбиге көркем есім қою ата-ананың міндеті саналыпты. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 170 | |
Всего комментариев: 0 | |