ҚЫЗДЫ ТӨРГЕ ШЫҒАРУ Нұх пайғамбардың Хам, Сам, Жаппас атты үш ұлы мен Уәсила деген қызы болыпты. Пайғамбар үнемі қызына құрмет көрсетіп, мүлде дауыс көтермейді екен. Қызы да әкенің қалауын қабағынан түсінетін сұңғыла болып өседі. Нұх дастарқан басында отырғанда үнемі қызын үш ұлынан жоғары, төрге отырғызады екен. Бұл үлкен ұлы Самның көңіліне күдік салыпты. «Уәсиланың жасы бізден кіші. Неге менен жоғары отыруы керек. Әкеміз бізді алалайды-ау» деп ойлайды. Бір күні дастарқанда отырғанда: – Әке, Уәсила кіші болса да, неге бізден жоғары отыруы керек? Ұлдың мәртебесі қашан да биік емес пе? – дейді. Нұх: – Біздің ырзық-несібеміздің көп болуы Уәсилаға байланысты. Құт қызды жағалап жүреді. Оны босағаға отырғызсаң, шамданады. Төрге шығарсаң, қуанады. Орны жайлы болса, дастарқаннан ас-тағамды үзбейді. Тұрмысыңды түзейді, – депті. Содан бастап Нұхтың үш ұлы қарындасын төрге шығарып, құрмет көрсететін болыпты. Үш ұлынан өрбіген ұрпақ бұл жоралғыны сақтап, берік ұстайды. Қазақ арасында «Қызыңды төрге отырғыз!», «Қызды босағаға отырғызба!» деген талап-ырымдар осыдан шыққан екен. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 192 | |
Всего комментариев: 0 | |