НАН ҚИҚЫМЫН ҚАСТЕРЛЕ Бірде Ыбырайым пайғамбар Құдайға: – Уа, Тәңірім! Өзімді бай еттің, төрт түлігімді сай еттің. «Алмақтың да салмағы бар» деген. Мыңғырған малдың сұрауы қиын бола ма деп қорқамын. Артығын қайтып ал. Мен азға қанағат қылайын! – дейді. Тәңірсі оған: – Әй, Ыбырайым, берекем қашып, малым сарқылсын десең, бұдан былай нанды отырып емес, аттың үстінде же! Нанның қиқымы шашылып, жерге түссін! Нан рәсуа болса, берекең кетеді. Мен ырысты нанның қиқымына жасырғам. Сен ас жегенде бір түйірін де жерге түсірмей, етегіңе салып жинап аласың. Сондықтан береке дарып, саған дәулет тез бітті, – депті. «Нан қиқымын теріп же, бай боласың» деген сөз Ыбырайымнан қалыпты деседі . Ертесіне келсе, таяғы қап-қатты, ауыр темірге айналып кетіпті. Оны жерден әрең дегенде суырып алады. Қараса, темір дегені алтын екен. Жігіт бір күнде байып шыға келеді. Ертесіне інісі қалай байығанын сұрайды. Ағасы болған жайтты айтып береді. Інісі де ертесіне нанды жерге шашып, қоқым түскен жердің бәріне ағаш қадап кетеді. Таңертең келіп қараса, ағаштары алтынға емес, сом темірге айналыпты. Ниетінде кінәраты бар інісі ақжүрек ағасы сияқты бай бола алмапты. Нанның қиқымын қадірлеу туралы ғибратты аңыздар миғраж оқиғасында да айтылады. Мұхамбет пайғамбар миғражға барғанда бір адамды көреді. Ол түйенің үстіне мініп алыпты. Қолында ұзын, инедей жұқа таяғы бар екен. Сонымен тау-тасты шұқып, бір нәрсе іздеп жүреді. Әлсін-әлсін бір құс келіп, оның басынан шұқып өтеді екен. Пайғамбар Жебірейілден: – Бұл кім? Не қылған пенде? – деп сұрайды. Жебірейіл періште: – Бұл адам пәни дүниеде нанның қиқымын бейберекет шашып жеген. Ысырап, обал дегенді білмеген. Ысырапшылығы үшін Алла тағала ол адамға махшар алаңында жер бетінде өзі түсірген нанның қиқымын түйенің үстінде тұрып тергізеді, – дейді. – Ал құс не үшін оның басын қайта-қайта шұқып кетеді? – Ол нанның қиқымын таптап жүре беретін еді. Жинауға ерінетін. Нанның обалы қара құсқа айналып, төбесінен осылай шұқып кетеді, – деп жауап береді. Пайғамбарымыз миғраждан келгесін сахабаларына нанның қиқымын шашпау, теріп алып қастерлеу туралы өсиет айтқан екен. Осы өсиет бізге жетіп, қазақтар «пайғамбар сүннеті» деп нанды қатты құрметтейтін болыпты. Бертінге дейін қазақ арасында «Нанның қиқымын шашпаңдар, обал болады. Құт-берекені періштелер мен хордың қыздары нанның қиқымына жасырады. Қиқымды теріп жесең, бай боласың» деген де түсінік болған әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 179 | |
Всего комментариев: 0 | |