Салт-дәстүр сөйлейді

АЗАН ШАҚЫРУ ДӘСТҮРІ

Ескі кітаптарда «тағдыр тақтасының кілті – азан» деп айтылады. Адам тілек айтар алдында азан шақырса, «тағдыр тақтасы» кітабының кілті ашылады, тілеген бар тілек сонда жазылады. Адам тілек тілеп болып, бетін сипағанда «тағдыр кітабы» қайта жабылады. Егер бетін сипамаса, жын-перілер келіп адамның пешенесіне жаман жолға өзгертіп жібереді деп сенеді.

Бұл дәстүрді «азан айту» немесе «азан шақыру» деп атайды. Әлі күнге дейін Қытай қазақтарының арасында кеңінен таныс. Ал тәуелсіз Қазақстан аумағында Қазан төңкерісіне дейін болған. Қазір азан тек намаз оқитын кезде және балаға есім қоятын кезде айтылады. Этнограф Болат Бопайұлының айтуынша, «азан шақыру» – қазақ арасынан жоғалған дәстүрлердің бірі.

Ал, Қытай қазақтарында біреу үй салса, үйленсе немесе баласы оқуға сапарға аттанса, артынан ата-анасы, туған туыстары дауыстап азан айтып, артынша қолын жайып тілек тілейді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/02/2021)
Просмотров: 206 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: