Салт-дәстүр сөйлейді

ДӘРЕТТІ СОЛ ҚОЛЫҢМЕН АЛ

Қиямет-қайым орнап, махшар майданы кезінде Ұлық Алла әулие, ғұламаларға:

– Мұхамбеттің тозақта жатқан үмбеттерін құтқарыңдар, – деп әмір етеді. Әулиелер сәлдесін тозаққа тастайды да:

– Әй, Мұхамбеттің қарабет үмбеттері! Мынаған жабысыңдар! Алла сендерді құтқаруға рұқсат етті! – дейді екен. Сол кезде азапта жатқан жандар жапа-тармағай жабыса бастайды. Оң қолымен дәрет алып, лас жүргендер сәлдені былғайды екен. Сонда құтқарушылар:

– Тәйт, әрі! Қолың лас! Сәлдені былғайсың, – деп қағып тастайды екен.

Осыған орай мұсылмандар тақуалыққа, тазалыққа қатты мән берген. Сол қолымен тамақ ішуге, оң қолымен дәрет алуға тыйым салыныпты.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (04/01/2021)
Просмотров: 183 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: