Салт-дәстүр сөйлейді

ТАҢҒЫ АСТЫ ТАСТАМА

Бірде Жақып пайғамбар таңертең жолға шықпақ болады. Бәйбіше:

– Мына таңғы асты ішіп кет, шайды дайындап қойдым, – дейді. Жақып:

– Жолдан қаламын, – дейді де, бұрылмай кете барады.

Жолда келе жатса, алдынан жылан кездеседі. Жақып онға қарай жүрсе, ол оң жаққа, солға қарай жүрсе, жылан да солға қарай жүреді екен. Бір кезде Жақып қамшысын алып:

– Мен пайғамбармын ғой, неғып жолымды бөгейсің? – деп жыланды осып жібереді.

Жылан ініне қашып тығылады. Жақып әрі қарай жүре бергенде, атының аяғы бір тесікке тығылып, өзі аттан құлап түседі. Қараса, атының алдыңғы аяғы сынып кеткен екен. Жақып атын жетектеп, кейін қарай үйге қайтады. Бәйбішесі алдынан шығып:

– Не болды? – деп сұрайды. Жақып:

– Атымның аяғы қайырылды, – дейді.

– Мен біліп едім. Таңертең ықыласымды ескермедің. Сен үшін ерте тұрып ас дайындап едім. Дәмнің киесі ұрған ғой, – дейді.

Осыдан бастап қазақ арасында «Таңғы асты тастама, кешкі асты бақпа», «Таңғы ас Тәңірден», «Таңғы аста несібе көп» деген түсініктер тараған деседі.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (07/12/2020)
Просмотров: 240 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: