Салт-дәстүр сөйлейді

ҚОЛДЫ ЖУҒАН СОҢ СІЛКІМЕ

Бірде Ғайса пайғамбар жолаушылап келе жатып Ібілісті көреді. Ібіліс ізіне жүздеген ұрпағын ертіп алып, сап болып кетіп бара жатыр екен. Ғайса:

– Әй, Ібіліс, мынаның барлығы балаларың ба? – деп сұрайды.

– Иә, балаларым.

– Не деген көп! Қалай өсіп, көбейгенсіңдер? – деп таңғалады. Сонда Ібіліс:

– Кей адамдар қолын жуған кезде сілкілейді. Сілкігенде шашыраған әр тамшыдан менің балаларым пайда болады. Адам қолын жуғанда«сүлгімен сүртпей сілкісе екен» деп тілеп тұрамын, – депті.

Ібілістің жауабын естігенде Ғайсаның жүрегі дір ете қалыпты. Содан бастап ол: «Жуған қолды сілкімеңдер», – деп үгіт-насихат етіпті.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (01/12/2020)
Просмотров: 208 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: