Салт-дәстүр сөйлейді
ЖЕЗӨКШЕ АТАУЫ Ібілістің о баста өкшесі болған екен. Ібіліс қарғыс қамытын киген соң, ерлі-зайыптылардың арасына от салып, араздастырып, ажыратып жіберуді кәсіп қылыпты. Иманы әлсіздерді зинақорлыққа азғырады екен. Осындай лас іспен айналысып, адамдардың қарғысын ала берген соң, екі өкшесі ойылып түсіп қалыпты. Өкшесінің орны уақыт өте келе мүйізденіп, қатаяды. Жұрт оны «жезді өкше», «жезөкше» деп атапты. Ел арасында жеңіл жолға түскен әйелді жезөкше деп атау осыдан қалған деседі. Қазақта «ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен түседі» деген мақал Ібіліске қарата айтылған екен. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 215 | |
Всего комментариев: 0 | |