Салт-дәстүр сөйлейді

БҮЙІРІҢДІ ТАЯНБА

Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған екен. Бірде құлшылық уақыты таяғанда ол ұлдарын ертіп мешітке келеді. Халық жиналып үлгермепті. «Отыз ұлым да бір жамағат қой» деп, жұртты күтпестен, ұлдарымен ғибадатты бастап кетеді. Намазда екі жаққа сәлем беріп жатып, «Расында да өзімнің әулетім бір қауым ел екен» деп астамшылық ойлайды. Намаз бітіп, бата жасаларда отыз ұлы сәждеден тұрмай қалады. Дәуіт секем алып, тіксініп қалады. Астамшылық ойлап, халықты күтпегені үшін Алла оның отыз ұлына сол мезетте қаза жеткерген екен.

Сол кезде пайғамбар малдасын құрып отырған бойы қолын екі бүйіріне таянып қайғырыпты. Содан бері ел арасында біреудің жақыны қайтыс болса, бүйірін таянып отырып аза тұту дәстүрге еніпті. «Бейуақытта екі бүйірін таянуға болмайды, жамандық шақырады» деген түсінік бар.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (19/10/2020)
Просмотров: 231 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: