ДӘУІТКЕ ТИІСПЕ Дәуіттің тұсында Ғайдуна деген қаланы ордалы жылан басады. Олардың көптігі сондай күрек басындай жерге он жылан сыяды екен. Қарсы келген адамға атылып, бет қаратпапты. Күресуге дәрмені қалмаған патша ақсақалдарды жинап, кеңеседі. Қариялардың бірі:
Дәуіт Мақпар тауында ұста екен. Хабаршы ел тілегін айтып, көмек сұрайды. Дәуіт кеудесінен бір түйме үзіп алады. Оны төске қойып, балғамен үш рет ұрады. Түймесі жәндікке айналады. Оны хабаршыға беріп:
Халқы Дәуітті күтіп отырады. Хабаршыны көріп:
Ерлігіне риза болған ел оны «Дәуіт», «Дәуіттің жәндігі» деп атап кетеді. Оған қасиетті, киелі деп құрмет көрсетеді. Үйге дәуіт келсе, «пәле-жала ескітен кетеді, құт төбеден келеді» дейді. «Дәуіт бар жерде жылан жүрмейді», «Дәуітті жер – тәуір жер», «Дәуітке көзінен айрылар жылан кездеседі», «Дәуітті тәу еткен құр қалмас» деген тәмсіл сөздер осыдан қалыпты. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 244 | |
Всего комментариев: 0 | |