Салт-дәстүр сөйлейді
БЕТІҢДІ БАСПА Әбілет пен Тәбілет зина жасағаннан кейін күнәнің оты жүректерін өртепті. Алланың дидарына қараудан мақұрым қалғанын ұғыпты. Ұяттың отынан бетін басып отырып қалады. Екі бетінің нұры солып, жүздері қап-қара болып кетеді. Әдетте, осындай ауыр күнә жасаған адамдар екі бетін басып отырып қалады екен. Сондықтан «себепсіз екі бетіңді баспа» дейді. Ал, Әбілет пен Тәбілеттің жүздері қарайып кеткендіктен зина жасаған адамдарды жүзіқара деп атайтын болыпты. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 270 | |
Всего комментариев: 0 | |