АҢЫЗДАРДЫ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРАМЫЗ Май наннан да пайдалы Екі тілім нан пайдалы асты зиянды асқа айналдырады. Бір сарапшының айтуынша, екі тілім нан қандағы қантты екі шай қасық шекерден тез көтеретінге ұқсайды. Бұл инсулиннің бөлініп шығуын тездетіп, абдоминалды (висцералды) майдың пайда болуына әкеліп соқтырады. Арықарай қант деңгейі көтеріліп, қабыну процесін күшейтеді, осылайша, жүрек-қан тамырлары және жүрек ауруларын ушықтырады. Көптеген мейрамханалардың «пайдалы ас мәзірінде» тамаққа тегін ролл және нан бірге беріледі. Бұған бәріміз үйреніп кеткенбіз. Оның жақсы көретін үш дәмханада нанды салатқа қосып береді. Олардың көлемі кәдімгі сэндвичтің көлемімен бірдей. Демек, егер ол осы нанды жейтін болса, салат емес, оның орнына сэндвич ала салар еді. Ол осы мейрамханаға күнде келушілердің пайдалы ас ретінде салат алып жатқанын көреді, бірақ олар тегін наннан да бас тартпайды. Нәтижесінде, артық көмірсу мен қант жеп кетеді. Мәселен, оның сүйікті салатында небәрі 6 грамм көмірсу бар. онымен бірге берілетін «пайдалысымақ тұтас дәнді» нанда 46 грамм көмірсу болса, демек, оның саны үш есе артты деген сөз. Сондықтан ең дұрысы – тегін наннан бас тартқан жөн. Мұның түк қиындығы жоқ. Сондықтан нанның орнына сәбіз немесе алма сияқты пайдалы ас түрлерін алған дұрыс. Оның бір таңқалғаны – кейбір мейрамханаларда нанның онына баламалы түрде басқа ас мәзірін ұсыну жолға қойылыпты. Әрине, кейде сэндвич пен роллдан басқа жейтін ештеңе болмай қалуы мүмкін. Дегенмен, нанды ас мәзіріңізден біржола шығарып тастауға тырысыңыз. Бір зерттеуші «нанға май жағып жегіңіз келсе, майдың наннан да пайдалырақ екенін ұмытпаңыз» депті. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 11 | |
| Всего комментариев: 0 | |
