Саламатты салауат

ДАЙЫНДЫҚСЫЗ БАСТАП КЕТІҢІЗ

Бұрынғы әдеттерге оралсаңыз – жеңілдіңіз

Зерттеулер барысында, ояну алдындағы сағаттарды осындай қысқа үзіктерге бөлетін болсаңыз, бұл уақыт пайдалы ұйқының ортақ көлеміне кірмейтіні анықталды. Осылайша, келесі бірнеше апта бойы қоңыраудан кейін төсекте аунап-қунап жатуға уақыт қалдырмау үшін оятқышты ең кеш уақытқа туралап қойыңыз. Кереуеттен бірден тұруға дағдыланыңыз. Осындай қосымша минуттардың арқасында ұйқыңыз қанып тұрғандай сезінесіз.

Егер бұл нұсқа көмеспейтін болса, оятқышты кереуеттен ары қойыңыз, сонда оны оныңызда жатып, өшіре алмайсыз. Оятқыштың қоңырауынан кейін қайта жатып ұйықтатпайтын сағат немесе смартфоннан бағдарлама жүктеп алыңыз. Егер ол да көмектеспесе, бірнеше оятқышын қатар қосып, бірінен соң бірін өшіруге мәжбүрлейтін сағат сатып алыңыз.

Егер күнделікті бір сағатта оянып үйренген болсаңыз, оятқышсыз-ақ тұрып дағдыланыңыз. Алайда бұл жұмысқа ерте баратындарға тиімсіз нұсқа. Оның бір досы жатын бөлмесіндегі оятқыштан қалай арылғанын айтып берді. Қазір ол оятқыштың мазаны алатын қоңырауынан емес, тып-тыныш бөлмеде оянатынын айтып, риза болып жүр.

Сағаттың жарығы да ұйқы бұзатын мәселенің бірі. Оятқыштың дисплейі жатын бөлмедегі ең жарық бұйым, сондықтан ұйқыңыз келмеген кезде оған еріксіз қарай бересіз. Сол сияқты, сағатыңыздың тілі түнгі екіні көрсеткенде, «неге дөбекши бердім?» деп ашуланатын боласыз, таңға дейін көзіңіз ілінбеуі мүмкін.

* * *

  • Егер біреуден «зиянды» сыйлық алсаңыз, жақын жердегі қоқыс жәшігіне лақтыра салыңыз. Осылайша, өзіңіз де жемейсіз, басқа біреуге де сыйлай алмайсыз.
  • Пайдалы ас-су түрлеріне көшкен достарыңызды үнемі қолдап жүріңіз.
  • Алдағы бірер апта оятқыш пайдаланбауға тырысыңыз. Сосын кейін лақтырып тастауыңыз да мүмкін.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (Вчера)
Просмотров: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: