Саламатты салауат

ДАЙЫНДЫҚСЫЗ БАСТАП КЕТІҢІЗ

Зиянды әдеттен бас тартқандарға көмектесіңіз

Егер сіз кезекті бір кесек торттан бас тартқанда, міндетті түрде: «Жә, қойшы енді! Бір кесек торттан өлмейсің!» дейтіндер табылады. Туыстарың, әріптестерің, достарың – көбінесе бұл сөзді солардан естисің. Бір қызығы – олар мұны шын жүректен айтады.

Алайда, мұндай зілсіз ескерту дұрыс тамақтануды ереже тұтып, тәтті десерттен бас тартатындардың өмірін қиындатып жібереді. Мәселен, сіз ішімдікті тастауға бел буған досыңызға «бірер саптыаяқ шарап ішейік» демейсіз ғой.  Онда неліктен біз торт пен бәліштен бас тартқандарға қиын қолқа саламыз?

Ішімдік пен есірткіге тәуелді адамдар арбауға түсіп қалмау үшін барлар мен есірткі сатып алуға болатын жерлерден қашқақтай алады. Ал диабет пен семіздікке ұшырағандар тамақтан мүлде бас тарта алмайды. Сондықтан олардың дұрыс тамақтануға ұмтылысы нағыз күнделікті күреске айналуда.

Ал қоғам бұл істі қиындата түседі. Сауалнама жүргізгендердің ішінде 50%-ы денсаулығы пайдалы асты емес, әріптестері таңдаған тағамды таңдайтынын айтады, ал 35% сауалға жауап берушілердің ұстаған диетасын таныстары мазаққа айналдырып, күлетін көрінеді. Ал жауап берушілердің үштен бірі мейрамханаға барғанда, отырысқа шақырған достары қонағының диетасына жүрдім-бардым қарап, өздері ешқашан таңдамайтын ас мәзіріне тапсырыс беретін көрінеді.

Қоғамдық пікір біздің бұрыс шешім қабылдауымызға мәжбүр етеді. Сауалнамаға қатысқандардың 50%-ы үйбикені, бастығын, клиентін немесе туысын ренжітіп алмау үшін талай рет диетасын бұзғанын айтады. Басқа 51%-ы компаниядан бөлектенбеу үшін басқалардың таңдауына көне салатынын айтқан.

Туыстарыңыз бен достарыңыздың денсаулығына (әдейі болмаса да) кесіріңізді тигізудің орнына, қоғамдық пікірді компания игілігі үшін кәдеге асыру керек.

Денсаулығын ойлап, торт пен балмұздақтан бас тартқан достарыңызды қолдаңыз. Солардан үлгі алып, пайдалы ас таңдайтын болсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/09/2026)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: