ДАЙЫНДЫҚСЫЗ БАСТАП КЕТІҢІЗ Керексіз азық-түлік Кейбір ас түрлерінің түкке пайдасы жоқ. Солай бола тұра, қолыңызға бір қорап кәмпит түсе қалса, өзіңізге керек болмаса да, бірінші кезекте, әріптестеріңіз бен отбасыңыз жесін деген ниетпен ортақ үстел үстіне қоясыз. Тегін астан кім бас тартсын? Ол осыдан бірнеше жыл бұрын бірнеше компания басшыларына жұмыс орнында денсаулық сақтау ісіне қатысты дәріс оқыды. Осы іс-шараны өткігені үшін ризашылығын білдірген ұйымдастырушылар оған үлкен себет толы тәттілер ұсынды. Әрине, олардың ниеті түзу болатын, алайда, оның дәрісінің тақырыбын ескеретін болсақ, бұл бір күлкілі жайт еді. Осылайша, кеңсеге келген соң, ол әлгі себеттің ішінен пайдасы тиетін тәтті іздеп көрді. Бірақ, өкінішке орай, 20 түрлі кәмпит пен шәрбаттың барлығы қант пен тазартылған көмірсулардан тұратын болып шықты. Басқаша жағдай болғанда, ол бұл себетті асүйге апарып, басқаларға таратып берер еді. Бірақ, бұл жолы, өз басы мұндай шешімді дұрыс деп ойламады. Егер олбұл себетті асүйге қалдырса, әріптестерінің сілекейі шұбырып, бірлі-жарым кәмпитті жеп қояр еді, осының кесірінен денсаулықтарына зиян келтірер еді. Біз қанттың үштен бірі бөлігін жеңіл-желпі тамақтану кезінде жеп қоятын көрінеміз, сондықтан, бұл кәмпитті әріптестеріне бере салу бұрыс шешім деген ой түйді. Өзі бірге жұмыс істейтін адамдарды бағаласа, зиянды аспен құмарлығын қоздырар ма еді? Сондықтан себетті қоқыс төгетін жәшікке лақтыра салды. Көптеген азық-түлікті жемей, тастай салған дұрыс. Келесі жолы сізге зиянды тарту сыйлап жатса, ойланбастан қоқысқа тастай салыңыз. Мейрамнаға барғанда, тегін десерт немесе кәмпит ұсынса, арандап қалмаңыз. Ешер қандайда бір ас-су түрлері денсаулыққа зиян болса, жемегеніңіз дұрыс. Ол үшін өзіңізді айыптамаңыз: сіз тамақты қорлаған жоқсыз, денсаулығыңызға алаңдадыңыз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | |
| Всего комментариев: 0 | |
