ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ ДЕ САҚТАҢЫЗ Жұмысты рақатыңызға істеңіз Бәрі оп-оңай: аз ұйықтасаң – аз жұмыс істейсің. Гарвард медицина мектебінде өткізілген бір зерттеу нәтижесінде ұйқының қанбауынан АҚШ экономикасы жылына 63 млрд доллар шығынға ұшыратын көрінеді. Ғалымдардың бірі: «Американдықтар ұйқысы қанбаса да, жұмыстан қалмайды. Олар кеңсеге келеді, бірақ түнімен ұйықтамай шаршағандықтан, жұмысын өндіріп істей алмайды. Ақпарттық экономика жағдайында еңбек өнімділігін азайтатын бұдан өткен қауіпті фактор жоқ болса керек» деп ой түйіпті. Тағы бір зерттеу нәтижелері ұйқының төрт сағат қанбағаны алты құты сырамен пара-пар екенін дәлелдеген! Ал бір түн ұйықтамаған адамның жағдайы қандағы алкогольдің 19%-ына тең болатын көрінеді, демек, бұл барлық рұқсат етілген нормадан екі есе асып түседі. Сол сияқты, ұйқының қанбауы еңбек сапасына да қатты әсер етеді. Мәселен, хирургтар мен ұшқыштар келесі операция немесе рейске ұшардың алдында белгілі бір көлемде демалуға міндетті. 2010 жылы Air India «Боинг-737» ұшағының апатынан 158 адам қаза тапты. Тергеушілер «қаражәшіктің» жазбаларын тыңдаған кезде, ұшқыштар кабинасынан біреудің қорылдағанын ап-анық естіген. Жалғыз осы оқиға емес: жыл сайын біреулердің ұйқысы қанбағандықтан жүздеген адамдар көз жұмып жатады. Егер сіз жұмысыңыздың сапасы туралы, әріптестеріңізбен қарым-қатынас жайын ойланатын болсаңыз, ұйқыға жеткілікті мән беруге тырысыңыз. Ол үшін жұмысыңыз сізге рақат сыйлайтын болсын. Жалпы, жұмысына көңілі толмайтын адамдардың ұйқысы екі есе кемитін көрінеді. Егер әлі де араныңыздағы жұмысты таппаған күннің өзінде, жұмыстың ұйқыңызды бөлуіне жол бермеңіз. Арамызда жұмыстағы кикілжіңдердің кесірінен талай түндерді ұйқысыз өткізгендер баршылық. Кейбір адамдардың жұмыстағы күйзелістің кесірінен апталап, айлап, тіпті жылдап ұйқысы қанбайтынын естігенде, таң қаласыз. Ақиқатында, бірде-бір жұмыс ұйқысыздықтың денсаулыққа зиянына тұрмайды. * * *
баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 3 | |
| Всего комментариев: 0 | |
