Саламатты салауат

ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ ДЕ САҚТАҢЫЗ

Жұмыс үстелінің үстінде тамақ ішпеңіз

Бұрындары әріптестермен бірге отырып түстену – ғанибет саналатын. Кейде олар жақын маңайдағы мейрамханаға кіре салатын, бірақ көбінде өздерінің дәмханадан тамақатанатын еді. Қандай болған күнде де, бұл жұмыстан бір сәт демалып, серуендеуге мүмкіндік беретін. Және, ең бастысы, достарымен әңгіме-дүкен ұратын.

Алайда уақыт өте келе жұмыс көбейіп, ол жұмыс үстелінде түстенуді дағдыға айналдырды. Бұрынғыдай достарымен бірге кеңседен шығып, 50 минуттай түстік ішіп, серуендеудің орнына поштаға келген хаттарды оқи отырып, түстігін бес минутта қылғыта салатынды шығарды.

Осылайша, көптеген істерді тез бітіріп тастаймын деп сенетін. Бірақ ақырында жұмыс үстелінде ішкен түстігінің оған пайдасы тимегенін сезе бастады. Әріптестерімен араласуды азайтты, энергиясы азайды, ал жұмыс күнінің соңында атқарылған шаруаға көңілі толмай, ойына басқа жаңа идеялар келмей қалатын болды. Түрлі зерттеулердің мәліметі бойынша, барлық қызметкерлердің үштен екісі жұмыс орнында түстенеді. Нәтижесінде, көбісі жұмысқа зейін қоя алмай қалады. Демалу үшін түскі үзілісті пайдаланыңыз. Кеңседе әрі-бері жүріңіз. Ауа райы мүмкіндік берсе, айналаны бір шолып шығыңыз. Немесе достарыңызбен тамақ ішіп келіңіз. Түстік – серпіліп-сергу және достарыңызбен әңгіме-дүкен құруға бірден-бір себеп бола алады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/06/2026)
Просмотров: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: