Саламатты салауат

ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ ДЕ САҚТАҢЫЗ

Өзіңізді зорламаңыз

Бүгін тек 20%-ға жуық жұмыс қара күш қолданумен жасалады. Осы өзгерістердің нәтижесінде қант диабеті мен семіздік науқасы күрт артып кетті. Заманауи адам қазір жұмыстың көбісін тінтуірді бір шертіп, пернетақта түймешіктерін бірнеше рет басып бітіріп тастайды. Бір жағынан, бұл еңбек өнімділігін едәуір арттырды, екінші жағынан, біз бен сіздің денсаулығымызға орасан зор кесірін тигізді.

Аз қозғалу эпидемиясы бүкіл әлемге жайылып барады. АҚШ-тан бастап, Үндістан мен Қытайға дейінгі аралықта заманауи технологиялар – компьютерлерден бастап, кір жуатын машиналарға дейін қол еңбегін азайтып, біздің денсаулығымызға орны толмас зиянын тигізіп жатыр. Тамақ істеу, үй жинау және үй жұмысы бұрынғыдай емес, техникамен атқарылатын болды.

Осылайша, тұрмыстағы белсенділіктің азаюына байланысты біз саналы түрде өмірімізге физикалық жүктеме қосуға мәжбүрміз. Егер сіз кәдімгі кеңседе жұмыс істесеңіз, жұмыс берушіңіз жұмыс күні барысында сізге жаттығып тұруға мүмкіндік беруі тиіс.

Жақында өткен бір зерттеу барысында сізге еңбек сағатының есебінен жаттығуға берілген уақыттың бизнесті айтарлықтай шығынға ұрындырмайтыны анықталды. Керісінше, жұмыс кезіндегі жаттығу жұмысқа деген қабілеттілікті арттырады. Тіпті бір аптада жұмысты бірнеше сағат кем істесеңіз де, нәтижесінде сіздің компанияңыз тек ұтады. Кейбір фирмалардың қызметкерлері жұмыс кезіндегі жаттығудан кейін табыстарының артқанын айтады.

Күні бойы бір мезгіл жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз. Әріптесіңізге маңызды мәселені тар жұмыс кабинетінің креслосында емес, сыртта, серуен кезінде талқылауды ұсыныңыз. Марқұм Стив джобс мәжілісті жүріп өткізетін. «Неге бұлай істейсіз?» деп сұрағанда, «Жүрген кезде жақсы ойлар келеді» деп жауап беріпті.

Егер басқа амалыңыз болмаса, жұмыс күніңізде кабинет ішінде бірнеше рет әрі-бері жүріп-тұруға тырысыңыз. Жұмыстан семіресіз, әлсірейсіз және шаршайсыз. Бірақ, егер күнделікті жұмыс күндері қимылдап үйренген болсаңыз, өзіңізді отырып жұмыс істеудің зиянды әсерінен қорғай аласыз. Зерттеушілердің бірі: «Техниканың өркендеуі біздің өмірімізден физикалық белсенділікті жойып жіберді,сондықтан біз оны қайтадан енгізуіміз керек» депті.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (02/06/2026)
Просмотров: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: