Саламатты салауат

АҚЫЛДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ

Қозғалуға сылтау табыңыз

Адамдардың бәрі жүйелі түрде дене тәрбиесімен айналысудың маңызды екенін біле тұра, онша мойын бұра бермейді. Иә, физикалық жаттығулардың орасан зор мақсаттарға (арықтау) да, өмірді өзгертуге (ұзағырақ жасау) де үлкен септігін тигізетіні белгілі. Алайда мұндай алыстау мақсаттар көптеген адамдарға жеткілікті мотивация болып саналмайды. Сондықтан дәл қазір және осы сәтте қимылдауды талап ететін себеп тауып алуға тырысыңыз.

Оны қысқа мерзімге ынталандыратын фактордың бірі – достарымен және туған-туысымен қарым-қатынасы. Күні бойы үстел басынан тұрмай жұмыс істесе, ашушаң болып кетеді. Бірақ, егер таңғы жаттығу жасап шықса, энергиясы сол күнге толық жетеді. Мұның басқа да жақсы жақтары бар. таңғы жаттығу жасап шыққан күні, басқа жұмыс күндерімен салыстырғанда, түске дейін-ақ жұмыстарының біршамасын бітіріп тастайды. Оның үстіне, сол күні оның реңі кіріп, бет-әлпеті жарқырап тұрады, бұл да қуантарлық жайт.

Ал ұзақ мерзімді мотиваторы – ұзақ жылдар бойы белсенді әке және жақсы жар болып қалу. Туабітті науқасын есепке алатын болса, мұндай мотивация оның дұрыс шешім қабылдауына үлкен әсерін тигізеді. Егер салауатты өмір салты обыр науқасының даму ықтималдығын үштен екі есеге төмендететінін ескерсек, физикалық жаттығулар – науқастың өмірін ұзарта алады, демек, қимыл-қозғалысы мол өмірді таңдау ешқашан кеш болмақ емес. Осыны күнде ұмытпау үшін ол отбасы мен туыстарының суретін жұмыс үстелі мен көлігіне іліп қойды. Олар физикалық белсенділіктің ол үшін ғана емес, солар үшін де маңызды екенін ұмыттырмайды.

Әркімнің өз мотивациясы бар. ол бір кісілердің әйелі немесе балалары үшін темекі тастағанын естіген. Бір танысының отбасы жалынған соң, салмақ тастап, арықтағанын біледі.

Физикалық жаттығулардың обырға шалдығу қаупін төмендетіп, жүрек-қан-тамырлары науқастарының, семіздік пен күйзелістің алдын алатынын, қан қысымын төмендететінін бәрі біледі. Белсенді өмір салты жасыңызды ұзартуға мүмкіндік береді. Сондықтан дәл қазір белсенділікті танытып, көбірек қозғалудың себебін тауып алуыңызға кеңес береді.

* * *

  • Ас мәзіріңізге ақуызы барынша мол өсімдік тектес өнімдерді қосыңыз.
  • Достарыңызға зиянды ас мәзірін ұсынуды доғарыңыз! Олардың денсаулығына пайдасын тигізетін ас-су түрлерін беріп үйретіңіз.
  • Көбірек қозғалудың себебін тауып алыңыз. Телефонға, компьютерге немесе тоңазытқышқа жаттығуды есіңізге салып тұратын ескертулер жүктеп, іліп қойыңыз.

0баспаға әзірлеп, жиған-терген                      

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/05/2026)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: