Саламатты салауат

АҚЫЛДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ

Достарыңызға зиянды тамақ ұсынуды доғарыңыз!

Оның тоқаш аларда өзіне айтатын бір сылтауы бар: «Бұл достарыма» немесе «отырысқа алып жатырмын». Ол бұл өнімнің өзіне аса пайдалы емес екенін біледі, бірақ туған-туыс пен жақындарыма жарай береді деп есептеп, дастарқан үстіне қояды. Демек, оларға дауыстап айтпаса да, «менің денсаулығым мен амандығым сендердікінен маңызды» дегені ғой.

Зерттеулер осы ойды дәлелдеді. Адамдар, негізінен, пайдалы асты басқалардан гөрі өздеріне жиі алады. Біз өзімізге теңестіріліген ас мәзірін құрастыруға тырысамыз. Бірақ, неге екені белгісіз, отбасымызға, жақындарымызға келгенде, зиянды ас-су түрлеріне жүгіреміз.

Ол да көпшілігіңіз сияқты қателесіп жүрдім, алайда бір күні өзінікі дұрыс емес екенін түсінді. Әдетте ол достарымен кездескенде тапсырыспен пицца алдырып, бургер қуыратын. Кейіннен: «Осы мен неліктен достарыма өзім тұтынатын пайдалы тағам ұсынбаймын?» деп ойлады. Өзіңізді оның досы немесе туысы орнына қойып, етіңіз үйренген пайдалы әрі дәмді ас түрлері қайысып тұрған дастарқанға отырғандағы әсеріңізді көз алдыңызға елестетіңізші.

Мәселе мынада: біз өзімізге келгенде пайдалырақ ас түрін таңдаймыз да, басқаларды зиянды ас-су түрлеріне үйренген деп ойлаймыз. Осы көзқарасты түзетіңіз, достарыңыз бен туған-туыстарыңызға пайдалы ас түрін ұсына бастаңыз. Достарыңызды қалай бағалайтыныңызды білдіріңіз.

0баспаға әзірлеп, жиған-терген                      

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (18/05/2026)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: