Саламатты салауат

АҚЫЛДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ

Бастысы – ақуыз

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ақуыздың кейбір түрлері ағзаны түгел қамтамасыз етеді. Және кейбір ас түрлері, мәселен – қақталған сиыр етінен пісірілген гамбургер, хот-догтар, бутербродтар сияқты денсаулыққа зиянын тигізбейді. Әрине, етті ара-тұра жеуге рұқсат, дегенмен ақуыздың негізгі бөлшегін өсімдік тектес өнімдерден алған дұрыс.

Жемістер, көкөністер, жаңғақтар мен балықтың құрамында протеин мен біздің күнделікті ас мәзірінде кездесе бермейтін омега-3 майы өте көп. Омега-3 майы ағзаны обырдың кейбір түрлерінен, мидың жұмыс істеу қабілетінің төмендеуінен, макулодистрофиядан және жүрек-қан тамырлары науқастарынан қорғайды. Одан бөлек, күйзеліс белгілерін жеңілдетіп, жалпы көңіл күйдің жақсаруына ықпал етеді.

Тағы бір зерттеу нәтижесінде ас мәзіріне жеткілікті түрде омега-3 майы қосылып отырған қатысушылардың мазасыздықты сезінуі 20 пайызға төмендеп, сирек ауыратыны анықталған.

2012 жылғы зерттеулер нәтижесінде омега-3 майының деңгейі аз адамдардың ми көлемі (МРТ нәтижесі бойынша) аз, IQ көрсеткіші төмен екені анықталған. Омега-3-тің нағыз қайнаркөздері – балық, жаңғақ және пісте. Осы санаттағы ең үздік таңдау: ақсерке, грек жаңғағы және зығыр дәні.

Ас мәзіріңізге құрамында сынабы аз, омега-3 майы көп өсімдік тектес ақуыздар мен теңіз өнімдерін көптен қосыңыз. Сол кезде күн өткен сайын көңіл күйіңіз көтеріле беретінін сезінесіз. Дұрыс тамақтану тек көңіл күйді көтеріп қана қоймай, болашақта да денсаулығыңызды жақсарта түседі.

* * *

Көбірек жеуден азырақ жеуге болатын ас түрлері:

Жеміс-жидектер (қояншөп, авокадо, бұршақ тұқымдастар, брокколи, түрлі-түсті қырыққабат, ноқат, орамжапырақ, жасымық, бұршақ, асжапырақ);

Жаңғақтар (бадам, кешью, жержаңғақ, пекан, пісте, грек жаңғағы);

Балық және теңіз өнімдері (камбала, нәлім, ақсерке, тарамкекіл, асшаян, палтус, тилапия, алабалық);

Ақ ет (тауық, күркетауық);

Сүт өнімдері (ірімшік, қаймақ, сүт, йогурт);

Қызыл ет (сиыр еті, үйрек, қой еті, шошқа);

Ет өнімдері (бекон, ветчина, қақталған шұжық, шұжық).

0баспаға әзірлеп, жиған-терген                      

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (12/05/2026)
Просмотров: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: