Саламатты салауат

ШАПШАҢ ТҮЗЕТУЛЕР

Жарықсыз ұйықтаңыз

Жасанды жарықтың ұйқыңызды бұзуына жол бермеңіз. Ұйықтар алдындағы жарық қандағы мелотонин деңгейін төмендетеді. Нәтижесінде ұзақ уақыт дөңбекшіп, нашар ұйықтайсыз және қан қысымыңыз көтеріліп, диабет науқасына ұшырауыңыз әбден мүмкін.

Мелотонин ұйқы және сергектік кезеңін қалыптастыруда шешуші рөл ойнайтын гормон. Бір топ ғалым қандағы мелотонин деңгейінің өзгерісін тексеру үшін 116 дені сау адамды тәжірибеден өткізеді. Қатысушылардың мелотонин деңгейін бес күн бойы тексеріп отыру үшін көктамырішілік катетрлер орнатылады. Нәтижесінде, ұйқы алдындағы көмескі жарыққа қарағанда, ашық түсті жарықтың мелотонин деңгейін төмендетіп, ұйқыны 90 минутқа қысқартатыны белгілі болған.

Осы зерттеудің нәтижелері үйдегі жарық мәселесі туралы ойландырады. Күндіз пердені ашып, үйіңізге Күн сәулесін кіргізіңіз. 6500К «салқын ақ» түсті жарықты, демек, жарық шамды күндізгі жарық ретінде пайдалану үшін жұмыс істейтін аумаққа орнатыңыз. Мұндай шамдар дәстүрлі сары шамдардың орнына қосымша көкшіл спектрлі жарық береді. Көкшіл электр жарығы мен табиғи күндізгі жарық мелотониннің бөлініп шығуын баяулатып, сергек жүруге мүмкіндік береді.

Жатын бөлмеде, кешіңізді өткізетін басқа бөлмелерде, керісінше, бұдан гөрі жарықтау, мәселен 3000К шамдарды қойғаныңыз дұрыс. Кешкі уақытта тым жарық шамдардан аулақ болыңыз. Осының арқасында ағзаңыз қосымша мелотонин бөліп, тезірек ұйықтауға мүмкіндік береді.

Жатын бөлмедегі жарықты барынша азайтыңыз. Ұйқы алдында кітап оқитын болсаңыз, люстраны өшіріп, кереует басында тұратын шамды қолданыңыз. Бөлмеге күңгірт перде іліңіз, жасанды жарық түсіретін барлық бұйымдарды жауып тастаңыз (оятқыш, басқа да электр құрылғылар), ұйқыдан алаңдататын барлық заттарды жинап қойыңыз.

* * *

  • Мейрамханаға барғанда, пайдалы тамаққа тапсырысты бірінші беруге тырысыңыз. Сол кезде кешкі асыңыз сіңімді әрі өте пайдалы болатыны сөзсіз.
  • Өзіңіздің жиі істейтін қимыл-қозғалысыңызды анықтаңыз (Телефонмен сөйлесесіз бе? Компьютердің алдында жиі отырасыз ба? Ауыр сөмке көтересіз бе?). Және осыларды оң және сол қолыңызбен кезек-кезек жасап үйреніңіз.
  • Күндіз сергек болып жүру үшін жарық шам пайдаланыңыз. Кешкісін жарықты азайтыңыз. Түнде терезені пердемен жауып, бөлмеге түсетін жарықты барынша бәсеңдеткен абзал.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (05/05/2026)
Просмотров: 10 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: