ШАПШАҢ ТҮЗЕТУЛЕР Ас татымын бірінші тамақ кіргізеді Дастарқан басында қонақ неғұрлым көп болса, сіз де соғұрлым тамақты көбірек ішесіз. Екі адамның басы қосылып тамақ ішсе, жалғыз отырғаннан 35% көбірек жейді. Ал дастарқан басында төрт адам отырса, әдеттегіден 75% артық тамақ ішеміз. Егер үстел басына жеті не одан көп адам жиналса, бұл көрсеткіш 96%-ға дейін артады. Мәселе мынада: достарыңыздың қасында отырғанда, сіздің шешімдеріңізге әлеуметтің әдеті қатты әсер етеді. Мінез-құлық психологиясында «зәкір» деп аталатын түсінік бар, осы түсінік бойынша адамдар қолына түскен алғашқы ақпаратқа толығымен сүйене салады. Егер сізге біреу 100 долларға тауар ұсынса, сіз оны «75 доллардан сатып алғаным тиімді болар еді» деп ойлайсыз. Баға көрсеткіші – барлық жеңілдік пен саудаласудың өзіндік «зәкірі». Дәл осы құбылыс достарыңыздың қасында болған кезде де «іске кіріседі». Мейрамханада бірінші тапсырыс берген адам компанияның «зәкіріне» айналады. Егер ол пайдалы ас түріне тапсырыс берсе, қасындағылар да пайдалы тамақ таңдауға «мәжбүр болады». Келесі жолы компанияңыздың басы қосылғанда, таңдауыңыздың басқаларға қалай әсер ететінін байқаңыз. Егер пайдалы асқа тапсырыс бергіңіз келсе, мұны достарыңызбен ақылдасып алғаныңыз жөн. Немесе «зәкір тастау» үшін бірінші болып тапсырыс беріңіз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
