Саламатты салауат

УАҚЫТ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?

Күні бойы көңіл күйіңіз көтеріңкі жүру үшін таңертең жаттығыңыз

Бір топ ғалым зерттеу жүргізіп, бір топ студентке таңғы жаттығу жасатып, күні бойы қандай көңіл күйде жүретінін жазып алуды тапсырады. Нәтижесі қызық болып шықты. 20 минуттық таңғы жаттығуға қатысқан бақылау тобындағы студенттер жаттығу жасамаған студенттерге қарағанда сергек, көңілдері көтеріңкі күйде жүрген. Алайда ғалымдарды көңіл күйдің көтеріңкі болғаны емес, осы әсердің ұзақтығы таң қалдырады: студенттер екі сағаттан 12 сағатқа дейін жайдары жүрген.

Елестетіп көріңізші, небәрі 20 минуттық жаттығу сіздің көңіл күйіңізді 12 сағат бойы көтереді. Яғни кешкі жаттығу басқаларға қарағанда әлдеқайда пайдалы деп есептелгенмен, таңғы жаттығудың арқасында күі бойы тамаша әсермен ширақ жүреді екенсіз. Егер жаттығуды таңғы асқа дейін жасайтын болсаңыз, қосымша калория «жағып», глюкозаға деген төзімділікті жаттықтырасыз. Одан өлек, таңғы жаттығу «күні бойы еге жаттықпадым?» деген айыптан арылтып, ақталу қажеттілігінен құтқарып, энергия сыйлайды.

Әрине, алғашқы күндері таңғы жаттығудан шаршауыңыз мүмкін, бірақ осы әдетіңіздің күні бойы энергия сыйлайтынын ұмытпаңыз. Осының арқасында бет-әлпетіңізге әр кіріп, денсаулығыныңыз жақсарып қана қоймай, күрделі жағдайларда терең ойланып, тиімді шешім қабылдайтын боласыз. Таңғы жаттығудан кейін күндіз 12 сағат бойы көңіл күйіңіз көтеріліп, сергек жүресіз.

* * *

  • Қалташаға пайдалы тіскебасар салып алыңыз. Және оны жолға алып шығуды ұмытпаңыз.
  • Әр жолы тамақ ішуге 20 минут уақыт жұмсаңыз.
  • Күнұзақ жақсы көңіл күйде жүру үшін таңғы жаттығу жасаңыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (14/04/2026)
Просмотров: 15 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: