УАҚЫТ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Тамақтанудың 20 минуттық ережесі Түрлі зерттеулермен танысқан соң, ол да тамақты асығыс ішудің денсаулыққа зиян екені түсіне бастады. Асығып тамақ ішсеңіз, ас қорыту жүйесі миға «мен тойдым» деген белгі беріп үлгермейді. Сондықтан біз мөлшерден көп жеп қоямыз. Тойып алған соң да, асты жеп бастаған кездегідей ләззат ала алмайсыз. Демек, асығып тамақ ішкенде, көп жеп қоюмен қатар, мәзірдің дәмінен ләззат ала алмайсыз. Тамақты асығып ішу семіздік науқасына шалдықтыруы мүмкін және диабеттің екінші типтегі түріне ұшырау қаупін 2,5 есеге арттырады. Егер тамақтың әр кесегін мейірлене шайнап, аузыңыз тұшынып жейтін болсаңыз, денсаулыққа зияны тимейді. Асығып ішкен тамақ кейінірек жағымсыз әсер қалдырады. Асыққанда ас қорыту жолдарына артық ауа толып, асқазан ауырлайды, осылайша қосымша қышқыл бөліп шығаруға мәжбүрлейді. Осының кесірінен асқазаныңыз қыжылдап, ғылыми тілмен айтқанда, гастроэзофагельді рефлюкс науқасы туындайды (ГЭРН). Тағы бір зерттеулер тамақ ішуді 30 минуттан бес минутқа дейін қысқарту асқазан қыжылын 50 пайызға арттыратынын көрсетті. Сарапшылардың айтуынша, егер сіз бір порция тамақты 20 минут шайнап жейтін болсаңыз, дұрыс тамақтанып жүрсіз. Тамақты баяу жеген сайын, миыңыз бен асқазаныңыз тойғанын тезірек түсінетін болады. Ол «20 минут ережесін» жалғыз тамақтанғанда ұстануға тырысады. Дегенмен, бұрынғы әдетіне басып, тамақты тез асап жіберуге асықса, осы ережені есіне түсіріп, екпінін тоқтата қояды. Асықпай тамақ ішу ережесін фастфуд – жылдам даярланатын тамақ ішкенде пайдаланған өте пайдалы. Бутерброд жеп отырғанда шанышқыны немесе қолыңызды төмен түсіріп үйреніңіз, осылайша, сэндвичті тез жеп қоюдан сақтанасыз, әрі тамақтың тұшымды дәмін сезінесіз. Өзіңізге пайда әкелетін асты асықпай жеп, ләззат алыңыз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 15 | |
| Всего комментариев: 0 | |
