Саламатты салауат

УАҚЫТ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?

Қарны ашқан – қазанға қарайды

Адамның қарны ашқан сайын, зиянды тіскебасар жеп қою қаупі арта береді. Қатты қарны ашқан адамның қантының мөлшері төмендейді, содан ол пицца, бургер, бәліш немесе балмұздақ жеп қоюы мүмкін. Ғалымдар аш адамның миын МРТ арқылы тексергенде, мидың қант деңгейін көтеру үшін калориясы жоғары ас түрін таңдайтынын анықтады.

Демек, сіз қарныңыз ашқанда, ас мәзірі мен тоңазытқышыңыз толып тұрса да, зиянды ас түрін таңдайтын болып шықтыңыз. Бір тәжірибе барысында студенттердің бір тобына кешкі астан кейін келесі ланчқа дейін тамақ ішпеуін өтінеді. Нәтижесінде осы бақылау тобының қатысушылары келесі ланчты ролл және қуырылған картоптан бастаған. Ал әдеттегі режиммен тамақтанғандар көкөністерден бастаған.

Аш жүрмеу үшін кейінірек өзімен бір қалташа жаңғақ ала жүретін болды. Үйде қарапайым жолмен дайындалған тіскебасар ылғи қалтасында жүреді және келесі дұрыстау асқа дейін шыдайтын болды. Егер жібі түзу тамағы жоқ іс-шараға барып қалса, (мысалы, мәжіліс немесе конференция) жаңғақ салынған қалташасын ашып, түскі астың орнына жей қояды.

Сапарға шыққанда, қарныңыз ашып қалса, тіске баса қоятын жемісжидек, жаңғақ немесе көкөніс ала шығыңыз. Егер салауатты ас мәзірін алдын ала ойластырып қойсаңыз, асығыстық танытып, бұрыс шешімдерге бармайсыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (31/03/2026)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: