Саламатты салауат

КҮНІҢІЗДІ ҚОСЫМША ЭНЕРГИЯ АЛАТЫНДАЙ ЕТІП ҰЙЫМДАСТЫРЫҢЫЗ

Жаттығудан кейін калориямен күресіңіз

Үйреншікті, бірқалыпты ахуалды өзгерту үшін физикалық белсенділікке бірнеше сағат жұмсау аздық етеді екен. Әлбетте, бірде-бір адам тәулігіне 23 сағат қимыл-қозғалыссыз отыруды дұрыс деп ойламайтыны белгілі. Дегенмен, егер уақытымызды әншейін отырып-тұрып, ұйықтап өткізіп, баяу қозғалатын болсақ, дәл солай болып шығады.

Күнделікті уақытыңызды қалай өткізетініңізге талдау жасаңыз. Қанша сағат отыратыныңызды есептеңіз. Не істесеңіз де, осы уақытты қысқартуға тырысыңыз. Содан кейін жүрек соғысының жиілігін арттыру жолдарын ойластырыңыз.

Кез келген физикалық жаттығу калория азайтады. Жүктеме неғұрлым қарқынды болған сайын, ағза жаттығудан кейін де калорияны азайта беретін болады. Жақында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, әр күні жасалған қарқынды физикалық жаттығулардың адам ағзасын сауықтыратын оң әсері 50%-ға артатын белгілі болды. Велотренажерда өткізген 45 минуттық қарқынды жаттығу нәтижесінде тәжірибеге қатысушылар 420 ккал, ал келесі 14 сағатта – тағы да орта есеппен 190 ккал жұмсаған.

Жаттығу кезінде жүктемені сөйлеуді қиындататын кезге дейін (немесе қажетті жүктемені пульсометрмен өлшеңіз) көбейте беріңіз. Егер қажетті деңгейге дейін жете алсаңыз, дененің жаттығудан кейін де бірнеше сағат бойы калорияны үздіксіз азайта береді.

* * *

  • Чипсылар, крекер және батончиктердің орнына жаңғақ, шекілдеуік, алма, балдыркөк және сәбіз жеуге тырысыңыз.
  • Тамақ салынған ыдысты асүйде қалдырыңыз, бәрін дастарқанға қоймаңыз.
  • Аз дегенде бір сағатыңызды қпрқынды жаттығуға арнаңыз, сонда бұл жүктеме калорияны күні бойы азайтумен болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (16/03/2026)
Просмотров: 10 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: