КҮНІҢІЗДІ ҚОСЫМША ЭНЕРГИЯ АЛАТЫНДАЙ ЕТІП ҰЙЫМДАСТЫРЫҢЫЗ Отбасылық дәстүрлер семіздікке ұшыратады Отбасылық қонақ асы кезінде дастарқанға үйіп-төгіп, аста-төк ас мәзірі қойылғанда, адамдардың қызығушылығы артып, мөлшерден көбірек жеп қояды: әйелдер – 10%, ерлер тіпті 29%-ға жуық. Қонақтарыңыз күпті болып қалмау үшін ас салынған ыдысты асүйге, қонақ бөлмедегі буфетке немесе басқа жерге қойып кетіңіз, сонда қонақтарыңыз қосымша басытқы салып алу үшін орнынан тұруына тура келеді. осылайша, өзіңіз де, қонақтарыңыз да өзіне керекті мөлшерде тамақ ішеді және дастарқан басынан күптілікті сезінбей тұрады. Асты дастарқан үстінен алып қойсаңыз, қонақтарыңыздың қосымша ас салып алуға сирек баратынын байқайсыз. Біреулер орнынан тұра беруге ерінеді, біреулер «тамақты тойып ішпеудің амалы табылды» деп қуанады. Қалай болған күнде де, туыстарыңыз бен қонақтарыңыз үшін қайырлы іс жасағаныңызды түсініп, өзіңізге өзіңіз риза боласыз. Өзіңізге немесе отбасыңызға тамақ дайындағанда, біршама сыбаға артылып қалса, дереу тоңазытқышқа салып қойыңыз. Егер дастарқан басында қалдырсаңыз, тойып тұрса да, біреуіңіз жеп қоюыңыз мүмкін. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 5 | |
| Всего комментариев: 0 | |
