КҮНІҢІЗДІ ҚОСЫМША ЭНЕРГИЯ АЛАТЫНДАЙ ЕТІП ҰЙЫМДАСТЫРЫҢЫЗ Талғамға терең мән беріңіз Бір ғылыми мақалада. «Адам ағзасы көмірсуларға кокаиннен де тез үйреніп алады» делініпті. «Семіздіктің басты себебі – май емес, көмірсулар» депті сол мақалада. Гарвард университетінің ғалымдарының «The Journal of the American Medical Association» журналында жариялаған мақаласында: «Көмірсулардың адамға түк қажеті жоқ» деп жазған. Басқа бір зерттеу мақаласында көмірсуларды ас мәзірінен қысқарту обыр жасушаларының өсуін екі есе баяулатады делінген. Алайда көмірсулардан бас тарту оңай емес. Эволюция процесі кезінде жануарлардың көбісі, оның ішінде адам да, ақуыздың орнына көмірсулар тұтынуға көшті. Көмірсулар мидағы допамин орталықтарын «ынталандырады». Оның үстіне арзан әрі дайындалуы өте оңай. Макарон, нан, картоп пен күрішті әр бұрыштан сатып алуыңызға болады. Мейрамханаға барғанда, салаттың орнына сэндвич ала салатынымз сол... Тазартылған көмірсуларды неғұрлым көкөністермен алмастыруға тырысыңыздар. Көмірсу мен ақуыздың жеткілікті мөлшерін жеміс-жидек, көкөністерден-ақ аласыз, қосымша көмірсудың қажеті жоқ. Макарон, нан, күріш, картопты (әсіресе, картопты) азайтуға тырысыңыз. Мейрамханалардың көбісі ас мәзірін таңдауға мүмкіндік береді, сондықтан көкніске тапсырыс беріп үйреніңіз. Чипсылар, крекер немесе батончиктердің орнына түстен кейінгі басытқы ретінде жаңғақ, алма, балдыркөк, қырыққабат немесе шекілдеуік жеңіздер. Тазартылған көмірсуларға жоламаңыздар. «Тазартылған» деген сөздің «үздік» деген мағынаны білдірмейтінін ұмытпаңыздар. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 10 | |
| Всего комментариев: 0 | |
