ЗОР МАҢЫЗҒА ИЕ ӨМІР САЛТЫ Мақсат – 10000 Белсенділікті өлшейтін тәсілді ыңғайлап алған соң, мақсатты көрсеткішіңізді анықтаңыз. Әдетте көбіміз бір күнде жүріп өткен қадам санын есептейміз. Мұндай есепті кез келген қадамөлшегіш бақылап отырады. Өз басы ең алыдмен күніне 5000 қадам жасайтын. Қадамөлшегіш сатып алғанға дейін өзінің қаншалықты аз қозғалатынын білмепті. Бір жыл жүрген соң, күніне 8000 қадам жасайтын болды, ал бүгінде кем дегенде 10000 адым жасайды. Ұйықтар алдында қадамөлшегішін ашып, дисплейіне үңіліп, бір күнгі белсенділігін қарайды. Осы сан оның күнінің жақсы немесе нашар өткенін анық көрсетеді. Соңғы зерттеулер күніне 10000 қадам жүру – тәуір көрсеткіш екенін анықтады. Бұл шамамен 7000 шақырым. Оған сеніңіздер, жалпы бұл алыс болып көрінгенмен, тым ұзақ қашықтық емес. Тек бастау керек. Егер сіз күніне 5500 қадам жасайтын болсаңыз, аз қозғалатын өмір салтын ұстанамын деп ойлай беріңіз. Ғалымдар әртүрлі ел өкілдерінің көрсеткіштерін салыстырғанда, американдықтардың көпшілігі аз қозғалатынын, күніне небәрі 5117 қадам жүретінін анықтаған. Австралиялықтар американдықтардан екі есе көп жүреді – 9695 қадам. Сондықтан Австралияда семіздікке ұшыраған адамдар саны 16%, ал Америкада – 34%. «Күіне 10000 қадам жүремін» деген жаңа мақсат жолында әрбіріміз денсаулығымызды түзетіп аламыз: арықтаймыз, диабеттің алдын аламыз. Ең азынан бастаңыз. Қалада тұрсаңыз, жақын маңайдағы дәмханаға дейін емес, одан арырақ дәмханаға жаяу барыңыз. Көлігіңізді дүкен есігінің алдына емес, тұрақтың ең артқы жағына қойыңыз. Үйде және кеңседе 10000 қадам жсауға тырысыңыз. Түскі ас кезінде серуендеңіз, бұл сіздің қосымша 3000 қадам жасауыңызға мүмкіндік береді. Спорттың белсенді түрімен шұғылданыңыз, осылайша, қосымша 8000-10000 қадам жүретін боласыз. Егер де бір күні 10000 қадам жүре алмасаңыз, жалпы жүктемені теңестіру үшін аптасына 70000 қадам жүремін деген міндет қойыңыз. * * *
баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 2 | |
| Всего комментариев: 0 | |
