Саламатты салауат

ЗОР МАҢЫЗҒА ИЕ ӨМІР САЛТЫ

Санақ қозғалысты арттырады

Медицинада және әлеуметтік зерттеулерде өзіңнің қадамыңды өзің санап отыру жеке көрсеткіштерді жақсартатыны әлдеқашан белгілі болған. Ғалымдар осындай зерттеулер жүргізсе, қатысушыларға өзгерістер мен көрсеткіштерді жазып отыруын өтінеді, әдетте мұндай көрсеткіштер алдыңғылардан әлдеқайда жоғары болады. Дегенмен ғылыми тәжірибелерде мұндай тәсіл шектеулі болуы мүмкін, сондықтан оны өзіңіз күнделікті өмірде жасай аласыз.

Егер физикалық белсенділікті арттырғыңыз келсе, алдымен қанша қозғалғаныңызды санап бастаңыз. Әдетте бақылауға алынған тәжірибе қатысушыларына қадамөлшегіш бергенде, олар күніне 1,5 шақырымды артық жүріп отырған. Белсенділіктің жалпы деңгейі 27%-ға артып, дененің массалық индексі мен қан қысымы төмендейтін болған.

Бүгінде қарапайым қадамөлшегіш былай тұрсын, күрделі, көпсалалы девайстар шыққан. Нарықта адамның күнұзақ белсенділігін өлшеп беретін жүздеген тетіктер бар. олар білезік, моншақ, GPS орнатылған сағат тағы басқа қалтаға салып жүретін құрылғылар болуы мүмкін.

Кейбір тетіктер ұйқының ұзақтығы мен сапасын өлшеуге мүмкіндік береді. Тағы басқалары жүрек соғысын бақылап, қожайынына қимылсыз, тым ұзақ отырып қалғанын хабарлайды. Сол сияқты, смартфондағы арнайы қосымшалар арқылы да жап-жақсы жетістіктерге жетуге болады.

Асылында, әр басқа құрылғы пайдалансаңыз да, өзіңіздің және әріптестеріңіздің көрсеткіштерін салыстыра аласыз. Сол сияқты, жоғары технологиялық тетіктер пайдаланатын болсаңыз немесе қарапайым құрылғылар ұстайтын болсаңыз да, белсенділігіңізді қадағалап, тіркеп отыратын тәсіл тауып алыңыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (10/02/2026)
Просмотров: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: