Саламатты салауат

ЗОР МАҢЫЗҒА ИЕ ӨМІР САЛТЫ

Бірнеше жаңа ген қалыптастырыңыз

Тегінде дімкәсі бар адамдар «денсаулығы жоқ» деп ақталмауы тиіс. Ол да аса сирек кездесетін науқаспен ауырады, демек, генетикалық «лотореядан» ұтылған жан. Алайда, тұқым қуалаушылықты өмір бақи сылтау етіп, науқасыңмен алысып өмір сүруге мүлде болмайды.

Заманауи ғалымдар өмір салтының тұқым қуалаушылыққа тікелей әсер ететінін анықтады. Дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік пен жақсы ұйқы сіздің семіздікке деген бейімділігіңіз бар болса да, өте пайдалы. Шын мәнісінде, денсаулық үшін геннен гөрі қазіргі өмір салтыңыз әлдеқайда маңызды. Жүргізілген зерттеу барысында, белсенді өмір салты генетикалық семіздікке бейімділікті 40%-ға қысқаратын анықталды. Сіз де ата-анаңыз сияқты тез семіргеніңізбен, салмағыңыз деніңізді саулығына кесірін тигізбейді.

Тағы бір тәжірибенің нәтижесінде – салауатты өмір салтына (дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік) көшкен соң, үш айдан кейін 500 геннің жұмысы өзгергені белгілі болды. Түрлі аурулардың алдын алатын гендер белсенділік танытып, «зиянды» гендердің белсенділігі, керісінше, төмендеген. Көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек тұтынғандар арасында жүрек-қан тамырлары науқасына ұшырататын гендер белсенділігі төмендеген.

Әрине, кейбір науқастарға деген генетикалық бейімділікті біржола және толықтай тоқтата алмайтын шығарсыз, алайда, гендердің негативті әсерін төмендете аласыз. Иә, сіз отбасыңыздың өткен шағын өзгерте алмайсыз. Дегенмен, бүгінгі күні қабылдаған дұрыс шешіміңіз болашағыңызды өзгертуге мүмкіндік береді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (03/02/2026)
Просмотров: 14 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: