Саламатты салауат

ИММУН ЖҮЙЕСІН НЫҒАЙТЫҢЫЗ

Саннан гөрі сапа маңызды

Кейде жеті-сегіз сағат бойы төсекте жатқан адам таңертең шаршап, әлсіреп тұруы мүмкін. Төсекте тоғыз сағат аунап-қунап жатып, бес-ақ сағат ұйықтауға болады. Біз дөңбекшіп, ұйықтай алмай жатқан кезімізді есепке алмаймыз. Түн ішінде оянып алып, қайтадан көз іліндіруге тырысу пайдалы әдет емес.

Риновирусты тексеру тәжірибесінде ғалымдар қатысушылардың ұйқы сапасына баға берген. Қатысушылар ұйқыға кету, ұйқыдан ояну уақытын, сол сияқты, қаншалықты тез ұйықтағанын, түнде қанша рет оянып, қанша рет қайтадан ұйықтай алмай қалғанын хабарлап отырған.

Ғалымдар ұйқының жалпы ұзақтығынан гөрі сапасы мен тиімділігінің маңызды екенін айтады, оның ішінде, ағзаның тұмауға қарсы күресінде зор рөл атқарады. Ұйқысының рейтингі төмен қатысушылардың науқасқа шалдығу қаупі 5,5 есе артық болған. Демек, сапа санға қарағанда әлдеқайда маңызды.

Сондықтан алдымен ұйқының сапасын жақсартуға күш салыңыз. Ас мәзіріңізді, күндізгі белсенділікті ретке келтіріңіз, жатын бөлмеңізді жарақтаңыз. Ұйқыны ұзартумен сосын айналысыңыз.

* * *

  • Дүкенге барған сайын ашық, қанық түсті жеміс-жидек пен көкөніс сатып алыңыз.
  • Ұйқыны қандыру үшін күнтізбеңізді алдын ала жоспарлауға тырысыңыз.
  • Ұйқы сапасын тексеру үшін сағат қаншада жатып, сағат қаншада тұрғаныңызды жазып отырыңыз. Осыдан кейін сапасын бірден 10-ға дейінгі шкала бойынша бағамдаңыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (27/01/2026)
Просмотров: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: