Саламатты салауат

ИММУН ЖҮЙЕСІН НЫҒАЙТЫҢЫЗ

Суық тиюдің вакцинасы

Алайда бізге «кәдімгі тұмауға қарсы тиімді вакцина бар, ол үшін дәрігерге бармай-ақ, ауырсынуға төзу керек» десе қайтеміз?

Ғалымдар түнде тұяқ серіппей ұйықтау біздің науқасқа шалдықпауымыздың кепілі дейді. Арнайы тәжірибе өткізіліп, қатысушылар күнде ұйқысы туралы есеп беріпті. Содан кейін оларды арнайы карантин аумағына оқшаулап, риновирусқа қарсы мұрынға тамызтаны тамшы-дәрі беріпті. Келесі бес күнде ғалымдар қатысушылардың жағдайын бақылап, аса қызықты тұжырым жасаған көрінеді. Түнде жеті сағаттан кем ұйықтағандар ішінде науқасқа ұшырау қаупі үш есе жоғары болыпты.

Түнгі жайлы ұйқы, өзіміз сенбесек те, ағзаға қатты әсер етеді. Ұйқысы қанбағандардың қан қысымы тез көтеріліп, жүрек-қан тамырлары науқастарына ұшырап, қабыну процестері артады. Сондықтан салқын тиіп, тұмауға шалдығу қаупі төнгенде көбірек ұйықтау өте пайдалы.

Респираторлы-жұқпалы вирустық инфекциялар маусымында ағза түнгі толыққанды ұйқыға өте зәру. Сапарға шыққанда күнтізбеңізді қайта жасап, ұйықсыздық пен әуе сапары кезіндегі күйзелісті басу үшін көбірек ұйықтауға тырысыңыз. Бұл ағзаның табиғи қорғанысын күшейтеді және ауырмаудың бірден-бір жолы.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (19/01/2026)
Просмотров: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: