ИММУН ЖҮЙЕСІН НЫҒАЙТЫҢЫЗ Қабықтар түсі сыр шертеді Жеміс-жидек пен көкөністерден тұратын ас мәзірінің пайдасы туралы көптен бері айтылып келеді. пайдалы, табиғи ас түрлері көптеген науқастың алдын алады, күш-қуат сыйлайды, ұзақ өмір сүруге және жасырақ көрінуге мүмкіндік береді. Бірақ, дегенмен, көптеген адамдар әлі де жеміс-жидек пен көкөністі аз тұтынып, пайдасыз, тіпті зиянды азық-түлікті көбірек пайдаланып келеді. Бұл тек денсаулыққа ғана қауіпті емес. 80000 адамның қатысуымен өткізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, желінген көкөніс пен жеміс-жидек саны біздің бақытты сезінуімізге әсер ететін көрінеді. Жалпы хал-ахуалды тұрақты түрде жақсарту үшін күніне жеті түрлі көкніс пен жеміс-жидек жеуіміз керек екен. Ендеше, қай өнімнің пайдалырақ екенін қалай білеміз? Өкінішке орай, әдетте кеңестердің көпшілігі бір-біріне қарама-қайшы келіп жатады. Дүкенге, мейрамханаға барған сайын осындай ас түрлерінің көптігінен көзің сүрініп, таңдай алмай ақалсың. Ең тиімді тәсіл – өнімнің пайдалы екенін түр-түсіне қарап ажырату. Лажы болса, түсі қанық көкністер мен жеміс-жидектерді таңдаңыз. Ең тамаша таңдау – жасыл түстілер. Брокколи, асжапырақ, кале, қытай қырыққабаты, балдыркөк, қияр, бұрыш, цукини және де күңгірт жасыл түсті көкністер. Қызыл және көк жеміс-жидектер мен көкөністерге қараңыз. Алма, бұрыш, таңқурай, бүлдірген, қызанақ және басқа да ашық әрі қанық түсті көкөністер мен жеміс-жидектер денсаулыққа пайдалы. Келесі жолы дүкенге барғанда, соларды көбірек алып қойыңыз. Дүкеннің жеміс-жидек, көкніс бөлімінде көбірек жүріңіз, азық-түліктің басқа түрлеріне содан кейін барыңыз. Үйде түрлі-түсті салат дайындауға тырысыңыз. Мейрамханада күріш орнына көкніс алдырыңыз, сүйікті сэндвичіңіздің ішіне асжапырақ немесе руккола салдырып алыңыз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 14 | |
| Всего комментариев: 0 | |
