ЖАҚСЫ ӘДЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРЫҢЫЗ Әр 20 минут сайын екі минут Көп отырған адамның бөксесі толыса береді. МРТ мәліметтеріне жүргізілген зерттеулер бойынша, ұзақ отырған адамның жасушаларына артық қысым түсіп, ағза әдеттегіден 50 пайызға артық май өндіретінін анықтады. Ғалымдар бұл қағиданы ағзаның ұзақ уақыт қысым түскен кез келген бөлігіне қатысты дейді. Сондықтан егер сіз жүйелі түрде спортпен шұғылдансаңыз да, тым ұзақ отыру жамбас бұлшық еттерінің қалыңдауына әкеліп соқтырады. Егер күнұзақ бірнеше сағат бойы отырып, жұмыс істейтін болсаңыз, жиі-жиі үзіліс жасап тұрыңыз, әйтпесе қандағы қант пен инсулин деңгейі көтеріледі, бұл қауіпті. Тәжірибе жасап көргіңіз келсе, әрбір 20 минут сайын 2 минут үзіліс жасап, жүріп-тұрудың өзі қант деңгейін тұрақтандыратынын біле аласыз. Әрбір 20 минут сайынғы жаттығу ойыңызды жинақтауға кедергі келтіреді деп ойламаңыз. Керісінше, ұдайы үзілістер жұмыс өнімділігін арттыра түседі. Егер демалмасаңыз, тез шаршап, тиімділіктен айрыласыз. Менеджмент саласының бір профессоры айтқандай: ой жинақтау – бұлшық еттердің жұмысы сияқты, тым ұзақ ширығатын болса, жұмысын жұмысын тоқтатады, оны қалпына келтіру үшін демалыс керек. Серуен тек денеңізді сергітіп қоймай, ой-санаңызды да тынықтырады. Жұмыс орныңызды қайта жарақтауды ойластырыңыз, үстел басында отыруды азайтудың амалын іздеңіз. Әдетте біз көп уақыт жолатпау үшін өзімізге керек заттарды қол созым жерге қоямыз. Осының нәтижесінде отырысымыз ұзап кетеді. Үйіңіз бен кеңсеңізді қайта жарақтап, көбірек қозғалуға жағдай жасаңыз. * * *
баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | |
| Всего комментариев: 0 | |
