Саламатты салауат

ЖАҚСЫ ӘДЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРЫҢЫЗ

Қант алмастырғыштар – тәуелділікке апаратын тікелей жол

«Қант алмастырғыш қанттың өзіндей зиянды емес» деген тұжырымға сенбеңіз. Тәтті ас-су түрлерінің бәрі болашақта кәдімгі қант қосылған азыққа «қол жүгіртуге» мәжбүр етуі мүмкін. Сондықтан диабет науқасына шалдыққандарға арналып шыққан жаңа «органикалық қант алмастырғыш» денсаулығыңызға зиянын тигізбейді десеңзі, қателесесіз. Аузыңызға салған бір түйір қантқа деген тәкелділікті арттырады да, одан ары тоқтай алмайсыз.

Бұрын ол таңғы кофеге қант алмастырғыш немес кілегей құйып ішетін. Сосын бірнеше шыныаяқтан кейін күйні бойы тәтті жегісі келіп, аңсайтын. Әдетте, бірнеше құты диеталық кола ішіп, түстен кейін тәтті батон жеп қоятын. Алайда бірнеше жылдан кейін кофеге қосатын қант алмастырғыштан біржола бас тартты. Ал кілегейдің орнына кокос сүтін қосатын болды, сөйтіп, қантты таңғы ас мәзірінен біржола алып тастады. Осындай табанды шешімнен кейін диеталық кола мен тәтті батоннан да бас тарту қиынға түспеді.

Күнделікті кестеңізді мұқият зерттеңіз. Таңнан бастап тәттіге деген құмарлықты басудың жолдарын ойластырыңыз. Жапсырмадағы ақпаратты мұқият оқыңыз. Мәселен, мына ингредиенттері бар азық-түлікті алмаңыз: агава шырыны, аспартам, жүгері шырыны, жүзім шырыны, фруктоза, қоюланған жеміс шырыны, құрамында фруктозасы көп жүгері шырыны, бал, мальтитол, сахарин, сорбитал, стевия, сахароза, сукралоза және қант т.б. Осы қант алмастырғыштардың зияны аздау болғанмен, лажы болса, тұтынбауға тырысыңыз, сонда тәтті жегіңіз келмейтін болады.

Қант және қант алмастырғыштардан бас тартатын болсаңыз, өзіңізе ағзадағы өзгерістер тез арада біліне бастайды. Соңғы зерттеулер ас мәзіріндегі қантты шектеу немесе азайтудың нәтижесі екі аптаның ішінде көріне бастайтынын дәлелдеі. Егер сіз қантқа деген биологиялық құмарлықты жеңе алсаңыз, торттан бас тартау оп-оңай.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (15/12/2025)
Просмотров: 15 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: