ЖАҚСЫ ӘДЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРЫҢЫЗ Қант – никотиннің бір түрі Қант деген – у. Ол диабет, семіздік, жүрек науқастары, тіпті обырды қоздырады. Жыл сайын біз шамамен 70 келі қант немесе оның туындысын тұтынамыз, мұндай көлемдегі тәтті кокаин, героин, басқа да кез келген есірткі көп адамның өмірін қияды. Зерттеушілердің бірі қантты «обыр жасушыларының кәмпиті» деп атапты. Ол қартаюды тездетіп, ағзадағы қабыну процесін күшейтеді, бір жағынан, обыр науқасының да қаупі төмендейтіні дәлелденген. Одан бөлек, ағзадағы қант деңгейінің жоғары көрсеткіштерінің кесірінен (82-110 мг/дл) ми «кеуіп кетуі» мүмкін. Сондықтан қантты жеміс-жидек және көкөністермен алмастырған дұрыс. «Кәнігі» шылымқұмардың темекіні бірден қоя алмайтынындай, қантты да ас мәзірінен бірден және толықтай шығарып тастау мүмкін емес. Оның үстіне, қант біз күнделікті тұтынып жүрген азық-түліктің бәрінде бар болғандықтан, жағдай бұрынғыдан да ушыға түседі. Және қантты шүбәсіз бір артықшылығы бар: біздің миымыз оны тоқтаусыз қалай береді. Бірақ біз оған төтеп беруіміз керек. Алдымен тамаққа қосатын қанттың мөлшерін азайтыңыз. Бұл тек шай мен кофеге қосатын қантқа ғана байланысты емес. Қант көптеген дайын азық-түлік пен жартылай фабрикаттарда да бар. Азық-түлік жапсырмасын мұқият оқып шығыңыз, құрамындағы қант мөлшерін қараңыз. Нөлге тең болса, тіптен жақсы. Егер бір порцияда 10 гр қант болса, ысырып қоя салыңыз. Американдық кардиологтар Ассоциациясының мамандары әйелдерге арналған бір күндік қант нормасы – 25 гр (алты шай қасық), ерлердікі – 38 гр (тоғыз шай қасық) деп бекіткен. Дегенмен, тәттіні аз жеуге тырысыңыз. Қаперлеріңізде болсын, қантта ешқандай қоректік құндылық жоқ. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | |
| Всего комментариев: 0 | |
