Саламатты салауат

УАҚЫТЫНДА ЖАСАЛҒАН ТАҢДАУ – САПАЛЫ ТАҢДАУ

Жүре жұмыс істеңіз

Отырып жұмыс істеудің зиянды екенін талай кітаптардан оқыса да, бұл кітапты... отырып жазды. Кітап жазу және өңдеу кезінде бұрынғыдан көбірек уақытын орындықта өткізді. Сондықтан әр жолы арқасы жанына батып ауыратын...

Біле жүріңіздер, соңғы зерттеулер орындықта отырып өткізудің обыр науқасымен тығыз байланысты барын анықтады.

Сондықтан ол өзіне жаңаша тәсіл қолданып, бүкіл кітапты «жүре жазайын» деп шешті. Ол үшін жұмыс орнын жүгіру жолағына орнатпақ болды. Жолақ үстіне монитор қойып, тренажерге пернетақта панелін орнатты. Бұған болмашы шығын жұмсады, сондықтан, егер бұл әрекеті сәтсіздікпен аяқталғанда, онша ренжи қоймас еді.

Ең алдымен: «бір мезетте кітап теріп, экранға қарап, жүгіруге арналған сенсорлы панельді қалай пайдаланам» деп басы қатты. Алайда, бір-екі рет тәжірибе жасап көріп, сағатына екі, төрт шақырым жылдамдықпен жүріп отырса, оқып, мәтін теріп, тіпті телефонмен де сөйлесе алатынын анықтады. Дауыс танитын арнайы бағдарламаның көмегімен отырып тергеннен гөрі, жүгіру жолағында көбірек жазатынын түсінді.

Нәтижесінде, үй тренажерында бірнеше ай жұмыс жасап, күніне 8-16 шақырым жүріп үлгеретін болды. «Жүре жұмыс істеген» күндері арқасы ауырмайтын болды, энергиясы «отырып өткізген», жиналыста немесе ұшақта өткізген күндердегіден гөрі бірнеше есе артты.

Сіз де үйіңізде физикалық белсенділікті арттыратын осындай қондырғы жасап алыңыз. Оның бір досы спорт жаңалықтарын эллипис тренажерде қарайды. Болмаса, биік үстел және биіктігін қолдан өзгерте алатын үстелде отырып та әрі түрегеп тұрып та жұмыс істейтін болсаңыз, ара-тұра отырған орныңыз бен қалпыңызды өзгертіп, әлсін-әлсін отырып-тұруға тырысыңыз. Ұзақ уақыт қимылсыз отырған кезде барлық бұлшық еттер қатайып, ісініп кетеді. Сол үшін стандартты жұмыс орныңызды әртүрлі қалыпта отырып-тұруға, үстелді көтеріп қоюға мүмкіндік беретін қондырғы жарақтап алыңыз.

Кейінгі кезде шығып жатқан технологияның жаңа өнертабысы кеңселер де танымал бола бастады, себебі, осындай құрылғылар көбірек жарақталған компанияларда адамдар аз ауыратын болған. Өз басы ортақ қолданыстағы жүгіру жолағы орнатылған бірнеше компанияда жұмыс істеді. Бір танысы сондай жолақта жүгірумен қатар, бір жылдық біліктілікті арттыру курсын оқып, тауысыпты.

Егер сіздің компанияңызда ондай тренажерлар мен үстелдер жоқ болса, ноутбугіңізді немесе мониторыңызды сөеге қойып, дене қалпын өзгертіңіз. Және велотренажерде кітап оқып, серуен кезінде аудиокітаптар тыңдап, телефонмен сөйлескенде жүгіруге тырысыңыз.

* * *

  • Дәл бүгін көмірсулар мен ақуыздың «бірге – бір» қатынасына сәйкес ас түрін таңдап алыңыз. Азық-түліктердің «беске – бір» қатынасына сәйкес азық-түлікке жоламаңыз.
  • Пайдалы ас-су түрлерін тоңазытқыш пен үстелдің көрінетін жеріне қойыңыз.
  • Отырмай жұмыс істеудің амалдарын қарастырыңыз. Күні ертең бір жолын табуға тырысыңыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (01/12/2025)
Просмотров: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: