Саламатты салауат

УАҚЫТЫНДА ЖАСАЛҒАН ТАҢДАУ – САПАЛЫ ТАҢДАУ

Үйіңізде азық-түліктің жасырын жарнамасын пайдаланыңыз

Егер көкөністер тоңазытқыштың төменгі жәшігінде немесе жертөленің ең төменгі сөресінде жатса, сіз оларды ұмытып кетуіңіз де мүмкін. Мәселен, бұрын оның шкафындағы көзге тез түсетін сөресінде крекерлер мен қытырлақ картоп тұратын. Сондықтан бірден соларды көзі шалып, жей салатын. Ал қазір дұрыс тамақтану поцесін жеңілдететін алуан түрлі дәмді ас түрлері тұрады.

Негізінде, сіздің дастарқаныңыз бен асүйіңізде тұратын азық-түлік бәрінен де маңызды. Себебі сіз күні бойы әрі-бері жүргенде, солардың бір кесегін іліп ала кетесіз. Сондықтан дастарқанға крекерлер мен кәмпиттердің орнына алма мен пісте қоя салыңыз.

Үйіңіздегі азық-түлік сақталатын орынға мұқият зер салыңыз. Ең пайдалы ас-суды жоғары сөреге қоюға тырысыңыз. Зияндысын әрірек ысырып тастаңыз, кейін оны ұмытып кетесіз. Ең жақсысыс – зиянды азық-түлікті қоқысқа тастаңыз да, бұдан былай алмауға тырысыңыз.

Жеміс-жидек, көкөністер мен пайдалы ас түрлерін тоңазытқыш пен үстелдің көрінетін жеріне қойыңыз. Мәселен, ара-тұра жүрек жалғап алғыңыз келгенде, үстел үстіндегі пайдалы асты көріп, өте дәмді, бірақ зияны көп тағам түрінен бас тартатын боласыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (25/11/2025)
Просмотров: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: