УАҚЫТЫНДА ЖАСАЛҒАН ТАҢДАУ – САПАЛЫ ТАҢДАУ Калориядан маңызды не бар? Тағамның құрамын зерттеп, калориясын есептеуден түк пайда жоқ. Он адамның біреуі ғана азық-түліктің калориясына анықтап қарап, құрамына ден қоюы мүмкін. Калорияның орта есебін бақылғанша, көмірсулар мен ақуыздардың тепе-теңдігін бағамдаған жөн. Құрамындағы бір гр көмірсуға бір гр ақуыз тең келетін азық-түлік түрлерін таңдаңыз. Ол бұл тәжірибені бірнеше жыл бұрын бастады. Аталмыш тәсіл дүкендер мен мейрамханаларда жақсы жұмыс істейді. Кез келген азық-түліктің тауарлық жапсырмасында көмірсулар мен ақуыздың ортақ саны туралы мәлімет болады. Мәселен, бір қалташа жаңғақ қоспасында, ол жақсы көретін авокадо салатында, аса дәмді палак-панирде (асжапырақ пен қолдың ірімшігінен жасалған өте дәмді үнді тағамы) осы шамалардың өзара қатынасы бірге тең. Көмірсулар мен ақуыздың өзара қатынасы беске бірден асатын азық-түлік түрлеріне жоламаңыз (көптеген чипсылар мен жүгері қауыздарында онға – бір). Көмірсулар мен ақуыздардың дұрыс тепе-теңдігін сақтау арқылы қосымша энергия жинақтайсыз, жалпы хал-жайыңыз жақсара түседі. Бәлкім, «бізге – бір» әдісі азық-түлік сапасын анықтайтын ең дұрыс тәсіл болмауы мүмкін, дегенмен, осы арқылы көмірсуларды азырақ пайдаланатыныңыз анық. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
