ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР КІШІГІРІМ ТҮЗЕТУДЕН БАСТАЛАДЫ Ұйқы күнұзақ сергектік сыйлайды Ұйқыңыз қанбаса, апта бойы бойыңыздағы енжарлық ьилейді. Өткен сейсенбінің түнінде оны көршісінің иті үріп, оятып жіберді. Найзағайдан қорқып, бір сағат қынсылады, жауын астында көшеге қарап үріп шықты. Ақыры, түнгі үште әрең көзі ілініп кетті. Ал таңғы 5-те оятқыштың дыбысынан тұрып кетті. Сол күні таңертең орнынан әрең тұрды. Ұйқысын ашу үшін бір шыныаяқ кофе дайындап ішті. Сөйтіп, таңғы жаттығуға уақыты қалмады. Кеңседе көптеген хаттарға ойланбастан, тез-тез жауап берді. Көзі құрғап, шаншып кеткендіктен мониторға қарауға да зауқы болмады. Сол күнгі телефон қоңфрауларына да дұрыстап жауап бермеді, себебі жоспардағы тапсырманы орындаудың орнына әңгімені тездетіп бітіріп тастауды мақсат етті. Келесі күні сейсенбінің олқылығын түзетуге тырысып бақты. Бәлкім әлгі ит бейсенбі күні де үріп оятпағанда, бәрі басқаша болар ма еді... алайда, сейсенбінің түнінен бастап ұйқысының қанбауы оның ағзасына ауыр сынақ болды. Тіпті, апта аяғында әріптестерінің бірі: «Бір жерің ауырып жүрген жоқ па?» - деп сұрады. Зығырданы қайнап, шаршағандықтан әйелі мен балаларына да зекіп тастады. Ұйқысы қанбаған адам – болмысын жоғалтып алады. Қатты шаршаған адамды айналасының бәрі – достары, әріптестері, туыстары байқайды, бірақ, қатты болдырғандықтан, өзіңіз елемеуіңіз мүмкін. Зерттеулердің бірі қажетті мөлшердегі ұйқының 90 минутқа қысқаруы – ой жинақтауды үштен бір есе төмендетіп жіберетінін анықтаған. Демек, сіз күні бойы қанша жұмыс істеп, қанша тапсырма орындайтыныңызды есепке алсақ, соның үштен бір бөлігін өз дәрежесінде орындай алмайсыз деген сөз. Ұйқының созылмалы түрде қанбауы түрлі кеселдерге ұшыратуы мүмкін. Яғни, сіз жұмысқа көп кешігесіз, спорт залға бармайсыз, туған-туыстарыңызға жеткілікті мөлшерде назар аудармайсыз. Алайда, бір сағат артық ұйқының бір сағат жұмыс немесе физикалық жүктемелерге пара-пар пайдасы бар және көңіл-күйіңізді көтеріп, ширақтық сыйлайды. Тіпті 15 минут немесе жарты сағаттық артық ұйқының өзі көңіл-күй мен хал-ахуалға оң әсерін тигізеді. Сондықтан кейде біз көптеген мәселені ұйқыны қысқарту арқылы шешеміз деп ойлаймыз, бірақ мұның арты насырға шабуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. * * *
баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | |
| Всего комментариев: 0 | |
