Саламатты салауат

ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР КІШІГІРІМ ТҮЗЕТУДЕН БАСТАЛАДЫ

Орындықтан тұрыңыз

Өмірді отырып өткізу – денсаулыққа төнген басты қауіп. Бұл эпидемия ешкімге білінбей-ақ, тез арада тарап барады. Адамдар темекі шегуден гөрі қимыл-қозғалыстың аздығынан көз жұмып жатыр.

Егер күніне алты сағат не одан да көп отыратын болсаңыз, қыршыныңыздан қиылуыңыз әбден мүмкін. Спортзалға жиі барсаңыз да, дұрыс тамақтансаңыз да, темекі шексеңіз де, шекпесеңіз де, басқа да пайдалы дағдыларының болғанмен, күніңізді отырумен өткізсеңіз – денсаулығыңызға орны толмас зиян келтіресіз. Көліктегі, теледидар алдындағы, мәжілістегі, компьютер алдында отырып өткізген әрбір сағат – энергияңыз бен көтеріңкі көңіл-күйіңізді жойып жібереді.

Аз қозғалатын адам тез семіреді. Соңғы 20 жылда тұрғындардың физикалық белсенділіг төмендегенмен, ұзақ уақыт отырудың кесірінен семіздік дертінің көрсеткіші күрт өсіп барады. Қант диабеті дертін зерттеп жүрген танымал мамандардың бірі – ұзақ уақыт отырудың зияны темекі шегу немесе күнсіп қалумен бірдей екенін айтты. Сондықтан онкологтардың ультракүлгін сәулелердің зиянын айтып, дабыл қаққанындай, дәрігерлер де ұзақ отырудың қауіпті екенін ескертуі тиіс деп есептейді.

«Күнұзақ отыру» бізге ұдайы зиянын тигізеді. Отырған кезде аяқтағы бұлшық еттер белсенділігінің төмендегені сонша – сіз бір минутта бір ғана, яғни, өте төмен калория жоясыз. Ал майды ерітуге көмектесетін энзимдер өндірісі 90%-ға төмендейді.

Екі сағат отырудан кейін пайдалы холестерин деңгейі 20%-ға түсіп кетеді. Сондықтан болар, жұмыс уақытының көп бөлігін орындықта өткізетін адамдар арасында жүрек-қан тамырлары науқасы екі есе көп кездеседі. Диабетті зерттейтін тағы бір маман «үзіліссіз 22 сағат отырудың зиянын тіпті екі сағаттық жаттығудың өзі толтыра алмайды» дейді.

Алайда кейбіреулер күнұзақ үстел басында сағаттап отыруға мәжбүр. Бұл тығырықтан шығатын жол – жиірек тұру, жүру және керіліп-созылу. Теледидар алдында әрі-бері жүріңіз. Әріптесіңізге қоңырау шалмаңыз, кабинетіне барыңыз.

Сіз тіпті бір орында тұрсаңыз да, көбірек жнергия аласыз. Жүрудің өзі белсенділігіңізді 150%-ға, баспалдақпен көтерілу – 200%- ға көтереді. «Ұзақ уақыт серуендеуге уақытым жоқ» дегенді доғарыңыз. Серуендеуді денсаулығыңызға оң ықпалын тигізетін қосымша жүктеме қабылдаңыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                     

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (04/11/2025)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: