Саламатты салауат

ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР КІШІГІРІМ ТҮЗЕТУДЕН БАСТАЛАДЫ

Әр түйір ас – таза пайда немесе шығын

Сіз жеген әрбір түйір ас маңызды. Әр жолы «осыны жесем бе, жоқ па?» деп ойланыңыз. Егер сіз пайдасы көбірек ас-су таңдайтын болсаңыз: мәселен, газды сусын емес, қара су таңдасаңыз, бұл сіз үшін аса тиімді. Егер көкөністің орныа қуырылған картоп жейтін болсаңыз, бұл сізге зиян. Бүкіл ас мәзірін толық ойластырмасаңыз, ішінара бір компонентті дұрыс таңдаудың өзі пайдасын тигізе қоймайды.

Кейбір сусындар да дәл сондай. Кофе, негізінде, пайдалы сусын. Оның әр жұтымы денсаулығыңызға пайдасын тигізетіні анық. Бірақ оған кілегей мен бірнеше қасық қант салсаңыз, барлық пайдасы желге ұшады. Сол сияқты, әрбір дүкенде сатылатын «Көк шай» сусыны да сондай. Оған қосылған тәтті дәм беретін қоспалар мен консерванттар көк шайдың пайдасын жоққа шығарады.

Дегенмен, сіз кез келген тағамды пайдалы ете аласыз. Үйінің жанындағы мейрамханалардың бірінде ол сүйсініп жейтін ас – пекан тұздығы құйылып, грильге пісірілген ақсерке балық сатылады. Бір қарағанда, өте пайдалы сияқты. Бірақ, бір күні өзі сүйіп жейтін балықты өте дәмді пекан тұздығы таза қантқа айналдыратынын ұқты.

Классикалық барбекюге арналған тұздық құрамын зерттегенде, оның еттің татымын кіргізетін тәтті шырын екенін анықтады. Бір жағынан, өзін ақсеркенің пайдасы тұздықтан асып түседі деп сендіре алар еді. Дегенмен, бұл ас мәзірін денсаулыққа пайдалы етудің жплғыз жолы – тұздық құймау керек екенін түсінді. Осылайша, екі айдан кейін тұздық құйылмаған ақсеркенің дәмінен ләззат алып үйренді.

Әрбір тағамның пайдалы және зиянды ингредиенттері бар. сондықтан, қанша тырысқанмен, біз бәрібір әлсін-әлсін зиянды ас түрлерін тұтынамыз. Алайда, әр тамақты алдын ала пайдалы бола ма, әлде барлық ингердиенттерімен қоса алғанда зиянын тигізе ме?» - деп сұраңыз. Егер осы сұраққа ылғи жауап іздейтін болсаңыз, көп ұзамай дұрыс таңдау жасауға дағдыланасыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                     

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (20/10/2025)
Просмотров: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: