Саламатты салауат

ҮШ НЕГІЗДЕН ТҰРАТЫН ҚҰРЫЛЫМ

Ұзағырақ ұйықтасаңыз – көбірек үлгересіз

Ұйқыны бір сағатқа қысқарту белсенділік пен демалыс уақытын бір сағатқа арттыра алмайды. Керісінше... Егер бір сағат кем ұйықтайтын болсаңыз, көңіл күйіңіз нашарлап, жұмыс өнімділігі төмендеп, ойлау қабілетіңіз бәсеңдейді. Алайда адамдар өркениет игілігі үшін ұйқысын тоқтаусыз құрбан етіп жіберуде.

Кейбір компанияларда алдына қойған мақсаттарын дер кезінде орындау үшін түнге дейін жұмыс істеу үрдісі қалыптасып кеткен. Адамдар «бізге төрт сағаттық ұйқы жетеді, ең бастысы – жұмысты бітіру» деп мақтанатын болды. Ол да осы тұзаққа түскен еді, бірақ кейін мұның өте зиян әдет екенін ұқты.

Танымал ғалым Андерс Эриксон еңбек тиімділіге зерттеу жүргізген кезде өз ісінде жоғары жетістікке жету үшін «10000 сағаттық мақсатты дайындық» қажет екенін дәлелдеді. Бұл тұжырым туабітті дарын мен ұзақ мерзімді тәжірибенің рөлі туралы пікірталас тудырды, бірақ таласушылар өте маңызды тұжырымды ұмытып кетіпті. Эриксон 1993 жылы еңбек өнімділігін зерттеу кезінде ұйқыны ең басты әрі маңызды фактор ретінде алған. Оның пікірінше, адам еңбегі барынша тиімді болу үшін сегіз сағат 36 минут ұйықтауы тиіс. Салыстыратын болсақ, қарапайым американдық жұмыс күндері орташа есеппен алты сағат 51 минут ұйықтайды.

Сіз өзіңіз отырған ұшақтың ұшқышы, хирургыңыз, балаларыңыздың ұстазы немесе компанияныздың басшысын жұмыс күнінің алдында ұйқысын қандырып алғанын қалар едіңіз. Алайда көбінесе дәл осындай маңызды мамандық иелерінің ұйқысы қанбайды. Және жұмыс істейтіндердің 30 пайызы алты сағаттан кем ұйықтайды.

Ұйқының қанбауынан пайда болған еңбек тиімділігінің төмендеуі біздің және бізге жұмыс берушілердің қалтасының адам басына шаққанда, жыл сайын 2000 долларға түседі және өнімділік пен еңбек сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Алты сағаттан кем ұйықтайтын адамдар басқаларға қарағанда, «жұмыстан тез шаршайды». Сондықтан табысқа жету үшін ұйқыны қандырып алыңыз.

Профессор Эриксон зерттеулерін музыканттар, актерлер, спортшылар мен шахматшылар арасында өткізген, нәтижесінде демалыстың жеке тиімділікті едәуір көтеретінін дәлелдеді. Ол осы салаларда атағы шыққан адамдардың әрбір жарты сағат сайын үзіліс жасайтынын анықтаған. Жиі және жүйелі түрдегі үзіліс олардың толықтай қалпына келіп, жұмысқа жаңа екпінмен кірісуіне мүмкіндік беретін болған.

Ұйқыңыз қанбаса, өміріңіз қысқаратынын ұмытпаңыз. Ұзақ уақыт тоқтамастан жұмыс істей беретін болсаңыз, тиімділік төмендейді. Жұмыс күнін бірнеше бөлікке бөліп, үзіліс жасап тұрыңыз және түнде ұйқыңызды қандырыңыз. Егер бір сағат артық жұмыс істеу керек болса, бір сағат артық ұйықтаңыз.

* * *

  • Алдыңғы ұстаған диетаңыздан пайдалы тамақтану элементтерін тауып, өзіңіздің күнделікті ас мәзіріңізге енгізіңіз;
  • Таңертең күнұзақ сергек әрі ширақ болк үшін физикалық жүктемелерді жоспарлап қойыңыз;
  • Ертеңгі күні көбірек жұмыс істеу үшін бүгін ұзағырақ ұйықтаңыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (14/10/2025)
Просмотров: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: