Саламатты салауат

ҮШ НЕГІЗДЕН ТҰРАТЫН ҚҰРЫЛЫМ

Қимылсыздық – сіздің жауыңыз

Таңғы жаттығу жеткіліксіз. Аптасына үш рет жаттығу да жетпейді. Енсаулық кепілі – үнемі қозғалыста болу.

Баяғы заманда біздің ата-бабаларымыз уақытының көбін жүрумен өткізетін болған. Ерте заманнан бастап, күні кешеге дейін аң аулау және қара жұмыс адамның күнделікті әрекеті болатын. Бірақ соңғығасырда бәрі өзгерді.

Қазір біз күнімізді ұйқыдан гөрі көбірек отырумен өткіземіз (орташа есеппен күніне – тоғыз, үш сағат). Денеміз бұған бейімделмеген, сондықтан семіздік пен диабет заманауи әлемнің үйреншікті науқасы болып алды. Және диеталар мен жарты сағаттық жаттығулар отырумен өткен уақыттың зиянынан басым түсе алмайды.

Бала кезінде ол ылғи тыным таппайтын. Достарымен бірге айнала жүгіріп, баскетбол ойнады, түрлі спорт түрлерімен айналысты. Сол кезде күші тасып, жігерлі жүретін еді.

Кейін жұмысқа шыққаннан бастап бәрі өзгерді. Бүкіл уақытын орындықта отырумен өтткізетін болды. Жұмысбастылығы сонша – ара-тұра спортзалға бірер сағат жаттығу үшін ғана баратын. Бір сағаты үйден кеңсеге дейін және кері қарай жаяу жүруімен кететін. Оған сегіз сағаттық ұйқыны қосыңыз, сонда 14 сағат бойы көлікте, кеңседе немесе таксиде отырады екен. Жұмысқа кіріскенге дейінгі белсенді өмір салтынан жұрнақ та қалмады.

Мұндай жағдайда ара-тұра құлшынып, жаттығу жасағанша, аз қозғалатын өмір салтына өзгеріс енгізген жөн. АҚШ Ұлттық денсаулық институттары өкілдерінің 10 жыл бойы 240000 адамға жүргізген зерттеулер нәтижесінде, физикалық жаттығулар өздігінен ешқандай қажетті әсер бермейтінін анықтады. Тіпті бір аптадағы жеті сағаттық физикалық жүктеменің де пайдасы жоқ. Ол аз болса, сынақтан өтушілердің ең белсенді тобындағылардың ұдайы кеңседе отырып қызмет істейтіндерге қарағанда, жүрек талмасынан көз жұму қаупі 50 пайызға артық болған. Демек, физикалық жүктеме отырықшы өмір салтынан басып оза алмайды.

Әрине, күні бойы әрі-бері жүресіз, бірақ, егер әр күннің орта статистикалық есебін алсақ, бір орында қимыл-қозғалыссыз отыруыңыз әлдеқайда көбірек. Сіздің міндетіңіз – күніңізді сараптап, қимыл-қозғалыс қосу. Қозғалыссыз жұмыс күнінің уақытына аздап болса да қысқарту. Сенсеңіз, күні бойы қозғалудың жүдеген нұсқасы бар.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                     

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (07/10/2025)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: