ҮШ НЕГІЗДЕН ТҰРАТЫН ҚҰРЫЛЫМ Тез арықтау дегенді ұмытыңыз Иланыңыз, соңғы кезде шығып жатқан сәнді диеталарды түсінбейтін тек сіз емессіз. Бәзбір сауалнамаға қатысқандардың төрттен үші күнделікті өзгеріп тұратын заманауи теориялар негізінде дұрыс тамақтану мүмкін емес екенін айтады. Оның үстіне, сұраққа жауап бергендердің жартысы дұрыс рацион құрастырудан гөрі табыс салығын есептеп шығару оңай дейді. Бәлкім, американдықтардың үштен екісі жаппай диета ұстаса да, артық салмақ пен семіздіктен арыла алмай жүргені содан шығар. Мәселе мынада. Диета деген уақытша әдіс. Осының кесірінен көптеген танымал диета түрлері сәтсіздікке ұшырап жатады. Егер сіз «бірнеше апта ішінде нәтижесін көрсетеді» деген диета түрін көрсеңіз, бірден тап бермей, оның салдары туралы ойланыңыз. Сіз жейтін тамақтың саны емес, сапасы маңызды. Гарвард университетінде 100000 пациентті 20 жыл бойы бақылаған мамандар осындай тұжырымға келді. Зерттеушілердің айтуынша, адам денсаулығына ішіп-жеген калория саны емес, азық-түлік түрі мен сапасы көбірек әсер ететін көрінеді. Тіпті ас-су түрлерінің сапасы дененің қимыл-қозғалысынан да маңызды саналады. Ғалымдардың бірі: «Қандай азық түрі болмасын, белгілі бір көлемде ішіп-жей беру – қомағайлықты ақтау болып табылады», - деген көрінеді. Танымал диеталар жан-жақты зерттеліп, талданып қолданылса ғана пайдаға асады. Қандай диета ұстап көргеніңізді есіңізге түсіріңізші. Солардың ішінде ең пайдалысын алып, ас мәзіріңіздің бөлшегіне айналдырыңыз. Лажы болса, майы, көмірсулары, қанты аз азық-түлік таңдауға тырысыңыз. Дұрыс тамақтанудың түк қиындығы жоқ. Салауатты ас мәзірі дәмді болуы тиіс. Өзіңізге күні бойы сергектік сыйлап, энергия беретін, алдағы уақытта денсаулығыңызға оң әсерін тигізетін ас-су түрлерін таңдаңыз. Әр күні әртүрлі диета ұстағанша, салауатты тамақтану жоспарын жасап, сол бойынша қарекеттенуге тырысыңыз. Дұрыс тамақтануды бастағанда, сабырлы болуды үйреніңіз. Көптеген адам «тез арада нәтижесін көре алмадық» деген сылтаумен диетасын тастап кетеді. Дене тамақтану үлгісінің өзгеруіне үйрену үшін біршама уақыт керек. Әдетте оған бір жыл шамасындай уақыт кетеді. Алғашқы айда бірнеше кило артық салмақтан құтылуға тырысқанша, күнделікті ас мәзірін өзгертуді ойлаңыз, сол кезде сіздің жаңадан басталған тамақтану тәртібіңіз болашақта көбірек пайда беретін болады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
