Саламатты салауат

ДЕНСАУЛЫҚ ҮЙДЕН БАСТАЛАДЫ

Белсенді өмір салты үйде басталады

Егер ұзақ мерзімге созылатын өзгерістерге қызығып жүрсеңіз, үйде бастаңыз. Бір тәжірибеге қатысқан 6000 адам артық салмақ тастауға арналған тұрақты бағдарламаларын үйдегі күйбің тіршілікпен қатар бастаған көрінеді. Тәжірибенің 92% қатысушылары жаттығуларын үйде жасап бастаған. Қалай жасап жүргеніңіз маңызды емес – жүгіру жолағында болсын, эллиптикалық тренажер болсын, степерде болсын немесе аэробикалық бейнекурс пайдалансаңыз да, үй – белсенді өмір салтын бастаудың тамаша орны.

Және қатысушылардың 78%-ы жолдағы немесе жұмыстағы дәмханада емес, үйлерінде таңғы ас ішетін болған. Басқа 75%-ы аптасына бір рет салмағын өлшеп тұрған. Тәжірибенің үштен екі қатысушысы тағы бір пайдалы әдет сіңірген: олар аптасына теледидар көруді 0 сағатқа қысқартқан.

Осыған қарап, тәп-тәуір арықтаған адамдардың өміріндегі оң өзгерістердің көбісі үй ішінде, отбасы қасында басталғанын байқау қиын емес. Біздің жақсы болсын, жаман болсын – барлық әдеттеріміз үйде қалыптасады. Сондықтан егер денсаулығыңызға пайдасы тиетін жаңа әдет бастауға бел бусаңыз, үйде меңгергеніңіз жөн.

Ең азынан бастаңыз. Таңертең тез тұрып, жаттығуды жылдам бастап кету үшін кереуетіңіздің қасына снаряд қоя салыңыз. Егер таңертең кофе ішуді әдет етсеңіз, кофеқайнатқышты таймерге қоя салыңыз, сонда күн сайын дәмді кофенің хош иісінен оянып кетесіз. Егер таңертең тұрып, спортзалға баруға ерінсеңіз, үйіңізді жарақтап алыңыз. Қарсыласудың ең оңай жолын таңдап, белсенді өмір салтына осы жолмен жетуге тырысыңыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (22/10/2026)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: