Саламатты салауат

ДЕНСАУЛЫҚ ҮЙДЕН БАСТАЛАДЫ

Аз тамақ – қыпша бел

Өкінішке орай, қарын тойғызуға келгенде біз асқазанның сұранысынан гөрі көзімізге көбірек сүйенетін болып кеттік. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, үлкен тәрелкемен берілген тамақ мөлшерден көбірек желініп кетеді.

Бірнеше тәжірибе барысында біздің асқазанымыздың «тойымдылық индикаторының» нашар жұмыс істейтіні белгілі болған. Адамдар үлкен стақандағы попкорнды 45% көбірек жейді. Сол сияқты, биік әрі жіңішке шыныаяқтан гөрі, аласа әрі кең шыныаяқтағы сусынды 37% көбірек ішеді. Балалардың жағдайы бұдан да сорақы: оларға попкорнды үлкендеу құтымен берсеңіз, кішісіне қарағанда, екі есе көбірек жеп қояды.

Келесі жолы оларға тамақты басытқыға арналған тәрелкемен беріңіз. Өз басы осындай тәжірибеден кейін бірнеше ай өткен соң, әдеттегі ыстық тамақ көлемін азайтып, бұрынғыдан 30-50%-ы кем салынған ас мөлшеріне үйрене бастады. Білесіз бе, кәдімгі диаметрі 28 см тәрелкенің көлемі 20 сантиметрлік десерт тәрелкесіне қарағанда екі есе үлкен екенін өзі тексермесе, сенбеген болар еді.

Сол сияқты, біз тамақ ішетін тәрелкенің көлемі ғана емес, түсі де өте маңызды. Тәрелке түсінің біздің тәбетімізге үлкен әсерін тигізетіні дәлелденген. «Journal of Consumer Research» журналында жарияланған зерттеу мақаласында тамақ пен тәрелке түсінің кереғарлығы адамды ашқарақтықтан қорғайды делінген. Мәселен, ақ тұздық құйылған макарон ақ және қызыл түсті тәрелкемен берілгенде, ақ тәрелкедегі тамақты 30%-ға көбірек жеген.

Ал егер тәрелке түсі тамақ түсімен сәйкес келіп жатса, қанша тамақ жейтінімізді білгіңіз келе ме? Асхана ыдыстарының әдеттегі түсі – ақ. Пайдасы аз тамақтардың да түсі ақ. Өзіңіз ойланып көріңіз, макарон, ақ нан және картоп езбесі... Жалпы алғанда, сіз мұндай тамақты лажы болғанша азайтуыңыз керек, бірақ, тамақ пен ыдыс түсінің сәйкес келуіне байланысты, әдеттегі нормадан көбірек «асап» жібергеніңізді білмей қаласыз.

Әрине, ол сіздерге дәл қазірден бастап брокколиді көбірек жеу үшін дүкенге жүгіріп, жасыл тәрелке ала салыңдар демейді. Бірақ түстері сәйкес келіп жатса, тәрелкеңізге қанша порция тамақ салатыныңыз жайында ойланыңыз. Егер тәрелкеңіз ақ түсті болса, оған кереғар түстегі қызыл, жасыл немесе басқа да ашық түсті көкөніс қосып салуды ұмытпаңыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген                       

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі                     

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (14/10/2026)
Просмотров: 13 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: