АҢЫЗДАРДЫ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРАМЫЗ Салқын төсекте ұйықтаңыз Ыстық бөлмеден гөрі, күңгірт, салқын бөлмеде ұйықтау әлдеқайда ыңғайлы. Біздің ішкі сағатымыз дене температурасын бақылап, қашан ұйықтап, қашан сергек жүру керегін есептеп, миға белгі береді. Егер бөлме іші тым ыстық болса, сыртта қас қарайып кетсе де, ішкі сағатымыз оянатын кез болды деп ойлайды. Сондықтан слқын әрі күңгірт бөлмеде көзіміз тез ілініп, жақсы ұйықтаймыз. Мамандар ұйықтайтын кезде бөлме температурасын екі-үш градусқа төмендетуді ұсынады. Температураның осындай өзгерісі жақсы ұйықтаудың кепілі бола алады. Мұндай нұсқа ауа райы салқын елдерге келіңкіремейді. Бірақ ондай жағдайға да амал табылады. Мәселен, терезенің желдеткішін ашып, ауасын салқындатып алуыңызға болады. Немесе жатын бөлме батареясына термостат қойып, температурасын төмендетіңіз. Сол сияқты жеңіл әрі салқын жамылғылар, желдеткіш және гельден жасалған матрасқап қолдануға болады. Ғалымдар ұйқысыздықтан жапа шегетін бір топ адамға зерттеу жүргізіп, түнде салқындатқыш дулыға кигізіп көріпті. Сөйтсе, осындай құрылғының әсері ұйқы шақыратын дәрілерден үш есе жоғары болған көрінеді. Тағы басқа зерттеу жүргізген ғалымдар бөлме температурасының көтерілуі артық салмақ қосуға ықпалын тигізетінін дәлелдеді. Демек, өшірулі тұрған батареялар салмақ тастауға үлес қосатынын ұмытпаңыздар. * * *
баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 5 | |
| Всего комментариев: 0 | |
